Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Түркістанға 2 жыл: түрлі сала өкілдері не дейді?

276
qasym.kz

Ғани Бектайұлы, «EDTECH-KZ» Халықаралық білім орталығының бас директоры: «Түркістан қаласының облыс орталығы ретінде анықталуы – ел тарихының жаңа парағы»

Түркістан – екінші Мекке екені елге мәлім. Тегі біз ел экономикасын дамытатын ірі фининстық орталықтар деп ойлаймыз. Бірақ Өзбекстан, Мысыр, Үндістан сияқты елдер егер сенің тарихың бай болса оны туризмге айналдырып, содан да сүбелі табыс алып шығуға болатынын дәлелдеп отыр.

Өзіңіз ескеріп қараңызшы. Өткен жылдың өзінде-ақ Өзбекстан тек Қазақстаннан келген туристерден миллиондаған доллар табысқа кенелді ғой. Ал, Үндістандағы Тадж Махал кесенесі ше? Төңірегіндегі құмнан басқа түгі жоқ Египед Пирамидалар арқылы ғана қанша табысқа кенеліп отыр?

Ал, Түркістанның дәл осындай потенциалы жоқ деп ойлайсыз ба? Әлбетте бар. Тек осы жолда туризм саласында үлкен тәжірибесі бар мамандар тартылып, қыраур жұмыстар атқарылу керек. Бұл тек ел экономикасына зор үлес әкелмейді. Біз, өңірдегі халықтың қаншалықты еңбекқор екенін ескеруіміз керек. Бұл туризмнің дамуы өңірдің дамуына да үлкен үлес қосады деп ойлаймын.

Түркістан қаласының облыс орталығы ретінде анықталуы – ел тарихының жаңа парағы.  Облысында туризмді, ауыл шаруашылығының барлық бағыттарын, өнеркәсіп саласын дамыту үшін тың қадамдар іске асырылатыны анық. Яғни бұл қадам өңірдегі экономиканың, бизнестің, инфрақұрылым мен жолдың дамуына серпін бере отырып, Түркістанның тек киелі мекен емес, үлкен мәдениет орталығы, экономикалық ошағы ретінде дамуына мүмкіндік туғызады.

Демек өңірдің өз алдына облыс болып, оның орталығы Түркістан қаласына тиесілі болғаны өте көп мүмкіндікке жол ашады.

Ендігі кезек осы мүмкіндіктерді кешенді жұмыстарды атқару арқылы дұрыс пайдалануымыз керек. Түркістанның тек рухани ғана емес, осы елдің экономикалық тірегі болуға мүмкіндігі зор.

Алдағы уақытта Түркістанның болашағы жарқын болады деп сенеміз. Біл ұлттық олжаның жаңғыруынан түседі сәле сияқты.

 

Шыңғыс Мұқан «Мазмұндама» қорының төрағасы: «Түркістанды тарих таңдаған киелі жер деп білемін»

Түркістанды тарих таңдаған киелі жер деп білемін. Тұран даласына адамның ізі алғаш түскелі бері өңірден адам үзіліп көрмеді. Қанша өркениет көшсе де соның бастауында осы Түркістан қаласы тұрды емес пе?

Енді мына дүниені ескеруіміз керек. Түркістан қазіргі таңда ұлттық жоба. Бұл мемлекеттік немесе саяси бағыттағы жоба емес. Біз түк мағынасы жоқ жобаларға да қырауар қаржы жұмсауымыз керек. Ал, Түркістан тарихтың қай кезеңінен де сүрінбе өткен өте сенімді жоба деп есептеймін.

Түркістан жалпы Мекке мен Мәдинеден кейінгі өте қасиетті мекендердің бірі болып саналады. Оның түркі әлемі үшін алатын орны ерекше қасиетті деп саналады. Осы орайда біз өңірдегі туризм саласына аса мән беруіміз керек. Қазіргі таңда жер бетінде түбін түркімен байланыстыратын шамамен 260 миллиондай адам бар. Сол 260 миллион адам үшін бұл топырақ аса қадірлі. Демек бұл адамдар біздің туризмді дамыта алатын единиуалар деген сөз. Болашақта осыны ескеруіміз керек.

Бұл біріншіден. Екіншіден болашақта біз Түркістан өңірінің транзиттік-логистикалық әлеуетін арттыра түсуіміз керек. Бұл үшінде теорема жасаудың қажеті жоқ. Түркістан Ұлы жібек жолында жатқан қала. Мұндағы жол картасы таритың өзінен белгіленіп қойған. Тек соны жаңғырту керек.  Жаңғыртып та жатырмыз. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағытындағы жолда осы Түркістанның алатын орын ерекше болуы керек.

Үшінші мәселе шағын және орта кәсіпкерлік деп есептеймін. Бұл жерде халық өте тығыз орналасқан. Соныдқтан шағын және орта кәсіп үшін өңірде өте көп мүмкіндіктер ашылып отыр. Оның үстіне өңірдегі халықтың қаншалықты еңбекқор екенін ескеруіміз керек.

Осы мәселелерді ескерсек өңірдің болашағы жарқын болады деген үміт басым қазір. Тек сәттілік тілейміз. Өңірдегі жасалып жатқан жұмыстар ұлттың игілінгіне бітсін деп тілек білдіреміз.

Айдын Байыс, ақын: «Мәдени тұрғысынан да Түркістан қаласы үлкен қызмет атқарып келе жатыр»

Түркістан қашанда Қазақтың қара шаңырағы болған өңір. Қазіргі таңда ол ішкі туризмнің тірегі. Болашақта бұл сыртқы туризмді де дамыта алатын әлеуетті өңір деп ойлаймын.

Әлбетте біз Түркістан дегенде Мағжан ақынның жырынан аттап өте алмаймыз. Бұл туынды жалпы Түркістанның қаншалқыты киелі топырақта орналасқанын ашып, айқындап отыр ғой. Сондықтан ол жір ешқашан ескірмейді, ешқашан өз маңыздылығын жоғалтпайды деп есептеймін.

Мәдени тұрғысынан да Түркістан қаласы үлкен қызмет атқарып келе жатыр. Ата-бабаларымыздың сүйегі жатқан киелі мекен тек қазақ халқына ғана емес, ол Түркітілдес мемлекеттердің жалпыға бірдей рухани астанасы. Соны ұмытпай, ары қарай дамытуды қажет етеді. Ең біріншіден қазақтың ішкі рухын бекітіп, сан ғасырдан келе жатқан тарихи жәдігерлердің қадір-қасиетін жоғалтпауымыз керек.

Бұл өңірдің орналасқан жері де, қағылған қазығы да Қазақстанның дамуынан жан жақты қолдау керсете алады. Күн райының қолайлығы өңірдегі мал шарушылығы мен егістікті едәуір үдете алады. Тарихы туризмге тірек. Халқы тығыз орналасқан, әрі көп. Жалпы көлемі Қарағнды облысының Ұлытау ауданандай-ақ елді мекенді дамыту қиын шаруа деп ойламамймын. Тек кешенді жұмыстарды атқару барысында табандылық танытса болды емес пе?

Тегі өз басым өңірде Отырар кітапханасын қайта салып шықса деп ойлаймын. Қазақ қазынасында жатқан барлық кітаптарды болмаса олардың көшірмесін Сонда апарып сақтаса деген ниет бар. Жалпы өңірдің болашағы үшін еш алаңдаушылық жоқ, бәрі де жарқын болады деп ойлаймын.

Көптің тілеуі қабылдыққа жазады емес пе? Түркістан өз алдына облыс болған кезде қуанбаған қазақ кемде-кем болды емес пе? Егер Түркістан болашақта гүлдеуін көрсеңіз ол әуелгісі табанды жұмыс, кейінгісі көптің тілеуінен деп түсінгеніміз абзал. Түркістан ол көне ғана емес, тылсым топырақ. Бұл жерде үлкен романтика да артықшылық етпейді.

 

Ақбота Әбілтай, тәуелсіз журналист: «Түркістан – қазақ руханиатының алтын тәжі»

Түркістан – қазақ руханиятының алтын тәжі. Біз тарих, руханият, мәдениет тақырыбына келсек Түркістанды айналып өтуіміз мүмкін емес. Ол, сонысымен қадірлі, сонысымен киелі деп ойлаймын.

Кие дегеннен шығады. Қазақ қана емес жалпы түркі жұрты түркістанды екінші Мекке деп атап, өздерінің киелі ошағы деп таниды. Елде жүрген соң көп ескере бермейтін шығармыз. Бірақ түбі түркі елдерімен сөйлессең осы Түркістанды аузынан тастамайды. Қазақстаннан екенімді білсе бірден осы Түркістан, оның ішінде Қазқұрттағы кеме туралы сұрай бастайды. Бұл көрсеткіш!

Осы әлеуетті пайдалану керек деп ойлаймын. Неше түрлі фестивальдар, көкпар секілді түрік халықтарына ортақ спорт түрлерін, Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауидің дүрбесін зиярат жасауды насихаттау керек. Екінші Мекке, Ахмад Сәни (Екінші Ахмет) түрік халықтарының діни-рухани жадында бар ұғым. Мұны қажылық секілді діни парыз ретінде емес, мәдени қалыпта насихаттау, туризмге серпін беруі тиіс. Осыған сай инфраструктура, әуежай салу маңызды. Түркиядағы Мәулана Румидің зиярат орны сияқты мысалы. Шеб-и арус секілді туған күнін Европа мен Азияның яғни төрткүл дүниеден келіп тамашалайды.

Тура осы секілді үлкен жобалар жасалу керек. Осы орайда туризм озық тұрғыда дамыған елдерден үлгі алып, үлкен жобалар жасау керек деп ойлаймын.

Ал, жалпы алғанда Елбасының бұл шешімі тарихи қадам екені сөзсіз. Өңірге тек жарқын болашақ пен қарқынды даму үрдісін тілейміз.

Ал үлкен жобалар үлкен нәтижелерге әкелетінін ескерсек Түркістан біздің рухани қорғанымыз болады дегенге қатты сенемін өз басым. Тегі тұран даласының ежелгі мысы қайта оралары сөзсіз. Оның бастауында біздің ел тұрады дегенде мәртебе болса керек.

Өңірдің болашақта жасалатын жұмыстарына сәттілік тілеймін. Қазанатымыздан береке тарқамасын.

Әлия Садықова, маркетолог маман: «Түкістан брендке айналуы керек»

Сөзсіз, өңірдегі маркетологтер өте көп жұмыстар атқарып жатыр. Түркістанда атқарылып жатқан жұмыстардың БАҚ бетінде жиі жариялану бұл үлкен еңбектің жемісі һәм нәтижесі ғой.

Түркістан – қазақ үшін қашанда ерекше құрметке ие өңір. Түркі әлемі де осы шаһардың тарихи маңыздылығын терең мойындап отыр. Бұл біздің брендіміз. Тек осы брендті одан әрі дамытып, күрделендіру керек деп ойлаймын.

Бұл күнгі Түркістан – облыс орталығы ғана емес, өткен мен бүгіннің үндескен құтты мекені. Болашақта жаңашыл болмысқа ие болып, ұлтымыздың айшықты аймағына айналып, жаңа бір серпіліс жасарына кәміл сенімдімін.

Мұндағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі секілді асиетті мекендердің өздері өз алдына бір бренд емес пе? Осыны дұрыс пайдалана алса өңірдегі туризмді дамытуға зор ықпалын тигізеді деп сенемін.

Орта Азия мен Тұран даласындағы ең көне қала. Уақыттың қай сынына да дес беріп, бүгінгі күнге тарихи мұра болып жетіп отырған ұлттық қазынамыз демек бұл шаһар.

Бүгінде Түркістан Қазақстанның тарихы мен мәдениеті бай, адамдардың рухани күш жинауға келетін орны. Сондықтан бұл өңір қазіргі таңда біздің рухани жаңғырығымыз сияқты. Алдағы уақытта өңірдегі білікті мамандар өте көп жұмыстар жасауға ниетті екенін аңғарамыз. Алла бастау болған іске береке берсін.

Өз ойымызды тиянақтасақ. Түркістан ол тарихи бренд. Ол біздің мандатымыз, елдігіміздің белгісі десек те болады. Қазіргі таңда өңір қарқынды дамып келе жатыр. Алла, осы бастаманы берекелі етсін деп тілейміз.

Түркістан – ұлттық жоба. Бұл жерде жасалып жатқан әр бір іс ол – ұлт игілігі үшін. Бұрынғы кезде елдің белді тұлғалары өзін сол жерге апарып көмсе екен деп тілеген. Мұнда бір астар жатыр емес пе? Бұл Түркістанның ұлы топыраұқ екенінің ашық көрінісі.

Ендеше жаңа облыстың болашағы жарқын болса екен деп тілек білдіргім келеді.

Жазып алған: Қуаныш МЕЙРАМҚЫЗЫ

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз