Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Түркістандағы атышулы психодиспансерде өрт шықты

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше жалын диспансердің негізгі ғимаратына өтпеген. Сондықтан науқастар ешқайда көшірілмепті. Тек 200 шаршы метрді құрайтын қойма бөлігі отқа оранған.

«Бізге кеше кешкісін 20.05 шамасында Түркістан қаласындағы емдеу мекемесінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына 20 сөндіруші мен 3 арнайы техника жұмылдырылды. Олар қоймадағы ағаштар мен есіктерді, құрылыс қоқыстарын және шатырдағы отты өшірген. Жалын 21.55-тер шамасында толықтай ауыздықталды. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ», – дейді облыстық ТЖД бас маманы Зарипа Тұрысбекова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз