Түркістан қаласында қару кезеніп, көлікті мініп кеткен күдікті ұсталды. Полицейлер сезіктіден тапанша тәркілеп алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік ұрлағандарды ұстауға жергілікті тұрғынның арызы негіз болыпты. Ол орталық көшелердің бірінде өзіне белгісіз тұлғалар шабуылдап, «БМВ» автокөлігін ұрлап кеткендігін көрсеткен.
«Аталған жайт ҚР ҚК «тонау» және «қаруды заңсыз сатып алу, сақтау және алып жүру» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі миллионнан аса теңгені құраған. Ұрланған автокөлік заңды иесіне қайтарылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Іске қатысты материалдар сотқа жолданды.