Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Түркістан облысында 3 жасар бала көлік ішінде өртеніп кетті

Жалын бір көшенің бойындағы 4 үйге тарағаны анықталды. Бір үйдің ішінде «Ваз-2106» маркалы көлік өртеніп, оны төтенше жағдайлар қызметкерлері сөндіріп алған. Көліктің ішінен 2015 жылғы баланың мәйіті табылды», – делінген хабарламада.

Өрт болған жерде сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Сондай-ақ, көз жұмған баланың көлікте қалай қалып қойғаны анықталып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша өрт үш үйдің 436 шаршы метр аумағын шарпыған.

Ал, төртінші үйдің 96 шаршы метр шатыры жанып кеткен. Жанған жердің жалпы көлемі 536 шаршы метр. Өрт 16.03-те толықтай сөндірілді. Оқиға орнына ТЖД-ның 17 қызметкері мен 3 техникасы және Сарыағаш аудандық ІІБ-ның жедел-тергеу тобының қызметкерлері жұмылдырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз