Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Түркістан облысына “жасыл” технология жүйесі енгізіледі

Бүгінгі күні ғылыми жетістіктердің арқасында барлық экологиялық мәселелерді іс жүзінде экономикалық тұрғыда шешуге болады. Сондықтан да «жасыл» технологиялар термині пайда болды.

Өз кезегінде «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы Рапиль Жошыбаев, орталық «жасыл экономика» объектілерінің ақпараттық жүйесін қалыптастыру бойынша жобаның тұжырымдамасын әзірлегенін жеткізді.

“Бұл мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылатын және қазақстандық кәсіпорындардағы жасыл технологияның енгізілуін, сондай-ақ дамуын онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін сұраныстағы өнім. Одан бөлек, жаңаша жүйе күн сәулесі, жел, су, биомасса және қалдықтардан баламалы энергия өндіру карталарын қамтиды» – деді Р.Жошыбаев.

Меморандумда аймақтың әлеуетін пайдалана отырып, Түркістан облысында шетелдік инвесторлармен бірлескен жобаларды жүеге асыру көзделген. Сонымен қатар, құжатта қосымша энергия өндіру үшін, күн және жел электр станцияларының құрылысына инвестициялар тарту, энергияны және аудандық газбен жабдықтауда ресурсты үнемдейтін технологияларды қолдану, ауыл шаруашылығы саласындағы биотехнологияларды дамыту, таза сумен қамтамасыз ету жолдары қаралған.

Қазіргі таңда Орталық «Бір белдеу бір жол» бағдарламасы аясында «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мұрасының іс жүзіндегі жалғасы болып табылатын жаһандық «Silk road Super Grid» жобасын жүзеге асыруды ұсынуда. Бұл Қазақстандағы жасыл экономиканың ілгерілеуіне сүбелі үлес қосатыны сөзсіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз