Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Түркіменстандағы наразылықтар барған сайын өршіп бара жатыр

1086

Аштық пен табиғат апаттары  елдің кейбір тұрғындарының төзімін тауысты, деп хабарлайды Азатлык. Адамдар қоғамдық наразылық акцияларына шыға бастады.

Азаматтарға ешқандай кінә тағудың қажеті жоқ. Соңғы бес жылда Түркіменстандағы өмір сүру деңгейі күрт төмеп кетті

Азық-түлік пен ақшаның жетіспеуі, білікті жұмыс күшінің жартысынан астамы жұмыссыз жүр немесе жалақысы өте төмен

Үкімет қаржы ауыртпалығын халықтың мойынан асып қойды. Үкімет Түркіменстанда ешкім коронавирус жұқтырмады деп сендірсе де, ел аумағында індет тарады деген қауіп бар. Сонымен қатар, адамдардың  өмірін табиғи апаттар одан бетер қиындатып жіберді.

Түркіменстандағы коронавирус мемлекеттік құпияға айналды

Turkmen.news сайты хабарлағандай 13 мамырда Туркменабаттың Теміржол ауданында мыңдаған адам жиналды. Адамдар 27 сәуірде болған қатты желден кейін олардың ауданындағы электр қуаты қалпына келтірілмегеніне шағымданды. Ғимараттағы жертөлелер суға толып тұр, оны соруға ешқандай әрекет жасалып жатқан жоқ. Бұл үйлер мен кәсіпорындарға қосымша зиян келтіріп, масалардың қоректік ортасына айналды.

Аштық жариялау ма, әлде арандатушылық па?

Теміржол ауданының көшелерінде мыңға жуық адам шықса, бұл ел 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең ірі митинг. Түркіменстанда қоғамдық наразылықты білдіру қауіпті әрекет. Үкіметке қарсы ең ірі наразылық 1995 жылдың шілдесінде болды. Ашхабатта екі рет осындай митинг өтті.

Түркіменстан халқы тағы да аш отыр, бірақ бұл туралы айтуға тыйым салынды — шетелдік БАҚ-қа шолу

1995 жылдың 12 шілдесінде бірнеше жүздеген адамнан құралған топ Ашхабаттың  орталық алаңына шығып, сол уақыттағы президент Сапармұрат Ниязовтің үкіметіне және ауыр экономикалық жағдайға қарсы наразылықтарын білдірді.

Полиция қызметкерлері адамдарды қаланың орталығына бара жатқан жерінен ұстағандықтан, алаңға тек 200-ге жуық адам жете алды. Митинг толығымен таратылып, ондаған шеруші қамауға алынды.

Биліктің айтуынша, олар «әлеуметке қарсы арандатушылыққа» қатысып,  «есірткі шегіп, ішімдікке тойып алған»

Басқа наразылық акциясы осыдан бір айт өткеннен кейін болды, ол кезде 100-ге жуық әйелден құралған топ  президент сарайының алдынан жорық жасап өтіп, жағдайдың нашарлап кеткенін айтты және үкіметтің қатаң шараларына қарсы наразылықтарын білдірді. Әйелдер сарайдың алдына жеткенше, қауіпсіздік күштері оларды ұстап үлгерді.

Содан бері мұндай көлемде, ешқандай үкіметке қарсы акция болған жоқ.

Түркіменстанда жақында болған митингілер туралы айтпастан бұрын,  бір орыннан екінші орынға жиі ауысатын жергілікті шенеуніктердің рөліне назар аударған жөн.

Олардың арасында бір лауазымда салыстырмалы түрде ұзақ отырып, өзінің міндетін жақсы білетіндері өте аз

Өз мәселелеріңді өздерің шешіңдер

2018 жылдың желтоқсан айында, Түркіменстанның экономикасы күрт құлдырай бастаған кезде Гурбангулы Бердымухамедов облыстың әкімшіліктерге өзіндік қаржыландыру көзін табуға тура келеді деді. Бұл

жол қозғалысы ережесін  бұзғаны үшін шығарылған айыппұлдар санының күрт артуына алып келді

Жергілікті шенеуніктер өз мәселелерін шешіміне жауапты болғандықтан, бұл жолдың өзі оларға қауіпті болды.

Дашогузде 2017 жылдың қазан айында бір топ ата-ана білім облыстық беру басқармасына  барып,

балабақша төлемінің күрт қымбаттап кеткеніне шағымданды

Білім беру  бөлімінің шенеунігі оларға шағымдарын әкімдікке жолдауды ұсынды.  Топ сол жаққа бет алағынмен, жолда полиция қызметкерлері ұстап алды.

Шенеунікті жұмыстан шығарды, кейіннен мемлекеттің абыройына кір келтірді деген айыппен қамауға алынды.

Сондықтан 14 мамыр күні Түркіменабадтағы Теміржол ауданына көмектің  полиция қызметкерлерімен бірге жүрген әкімнің орынбасары түрінде  келуі таңғалатын жайт емес.

Астық жетіспесе де, мақта отырғызуда

Дашогуз облысының Түркіменбаши қаласында бір топ әйел ұн алу үшін кезекте тұрды. Осы уақытта бұл жерге кездейсоқ жағдаймен аудан басшысы Сердар Мередов келді. Оны таныған әйелдер кезектерін ұмытып, басшыны қоршап алып, шағымдана бастады.

«Барлығына сіздер кінәлісіздер, — деді олар, — сіздер тек мақта отырғызасыздар, халық болса жейтін тамақ таппай отыр»

Мередов оқиға болған орыннан тез арада қашып кетіп, наразылығын білдіргендерді ұстаңдар деп полиция қызметкерлерін  жіберді.

Шынымен де, Бердымухамедов бидай мен астық өсіруге арналған жердің бір бөлігін мақта өндіруге берді. Бұны

табиғи газды сатылымының қысқаруынан келген шығынның орнын толыру үшін жасалды

Ал газ Түркіменстанның экспорттық кірісінің негізгі, тіпті жалғыз көзі еді.

Сәуірдің басында Мары қаласының шеткі аймағында ұн мен өсімдік майының тапшылығына қарсы кішігірім наразылық шеруі өтті.

Басым көпшілігі ауыл әйелдерінен құралған бірнеше ондаған адамдар Мары қаласының шеткі аймағында қаланы елдің қалған аймақтарымен байланыстыратын жолды жауып тастады.

Кейін олар азық-түлік жетіспеушілігі туралы айту үшін аймақ әкімшілігінң ғимаратына қарай бет алды

Шенеуніктер  оқиға орнына тез арада жүк машинасын жіберіп, митингіге шыққандарға 2 кг ұннан таратты.

Ауғаныстанға жіберілген көмекті жолдан талибтер қолға түсірді

Жақын арада алаңдаушылықтар басылмайтыны анық. Осыған дейін айтылғандай,

Түркіменстанның негізгі кіріс көзін — 70-тен 80%-ға дейін — табиғи газ сатылымы құрайды

2014 жылдан бері оның бағасы күрт төменгдеді, ал 2020 жылы мүлдем арзандап кетуі мүмкін. Сондай-ақ, түркіменстандық газдың негізгі тұтынушысы Қытай  бірнеше апта бұрын импортты 20-25%-ға қысқартамыз деген сыңай танытты.

Түркіменстан дауыл мен нөсер жауынның салдарымен күресіп жатқанда, халқы негізгі тауарлардың жетіспеушілігінен қиындық көріп отыр. Ал ел үкіметі Ресейге, Иранға және Ауғаныстанға көмек жолдауда.

Ауғаныстанға жолданған көмектің бір бөлігін Фарьяб провинциясындағы талибтер қолды қылды

Лепаб және Мары қалаларының шеткі аудандарының халқы дауыл мен қатты нөсер жауыннан кейін үкіметтен еш көмек алмады.

АҚШ-тағы Түркіменстан азаматтары 5 мың АҚШ долларына жуық қаражат жинады, бірақ түркіменстандық билік ақшаны жіберуге кедергі келтіріп отыр. Түркіменстанның қауіпсіздік кеңесі көмекті алып, оны елге тарату керек болған Лепап провинциясының тұрғынына қоқанлоққы көрсетті.

15 мамыр күні Ыстамбұлдағы түркімен азаматтары Түркіменстан елгілігінің жанында митинг өткізді. 11 мамырда Кипрде де осыған ұқсас шеру өтті. Ал Ваашингтондағы екі түркімен азаматы елшіліктің жанына плакаттар ұстап шықты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз