Жағдай тұрғылықты жері бойынша азық-түлік алуға мүмкіндік беретін карточкалар таратуға дейін жетіп отыр.
Түркіменстанның Мары облысындағы мемлекеттік дүкендер де мекенжай анықтамасы бойынша азық-түлік сатуға көшкен
Марыда бірнеше апта бойы өсімдік майы мен ұнды да мекенжай анықтамасы бойынша сатып жатыр.
Елдің батысындағы Гарабогазда, азық-түлікпен қоса,
банкоматтан ақша шешіп алу үшін де мекенжай анықтамаң мен талоның болуы керек, олай болмаған жағдайда бәріне бірдей ақша жетпей қалуы мүмкін
Осыған ұқсас хабарламалар облыстың әкімшілік орталығы Балқанабад қаласынан да келіп түсті.
Ахал уәлаяты мен Ашхабадта ғана кез-келген дүкенде тапшы болған азық-түлікті сатып алуға болады. Бірақ ұзақ уақыт кезекте тұрасың.
— Енді аптасына бір рет ұрыспай-таласпай «Ахал» мақта майын немесе Золотая корона» ресейлік күнбағыс майын алуға болады, ол үшін үйбасқармасының анықтамасын беру жеткілікті, — деп хабарлады Марыдағы дереккөз.
Тауарларды тіркеу бойынша босату алыпсатарлықтың алдын алу үшін енгізілген деп отыр.
Көптеген адамдар тапшы азық-түлікті мемлекеттің бағасымен сатып алып, коммерциялық дүкендерге үстіне ақша қосып сатқан
Дашоғуз, Балқан, Лебапа және Ашхабад тұрғындары үшін мұндай алыпсатарлық табыстың негізгі көзі болды.
Түркіменстанда бірнеше жыл бойы азық-түлік дағдарысы байқалады. Адамдар негізгі өнімдерді мемлекеттік дүкендерден сатып алуға тырысады, онда бағасы нарықтық бағадан төмен. Осындай сауда нүктелерінің алдында
тауық етіне, өсімдік майына, жұмыртқаға және қантқа үнемі кезекке тұрады
Бір адамға берілетін өнім көлемі де шектеулі. Иранмен шекарасы жабылғандықтан, көптеген тауарларды нарықта табу мүмкін емес немесе бағасы қымбаттаған.
Бұл жүйені Балканабадты мысалға келтіріп, түсіндіріп көрейік. Атына тұрғын үй жазылған адам сонда тіркелген барлық отбасы мүшесінің паспорттарын алып, жергілікті үй басқармасына барады. Өзімен бірге 12 парақтық оқушы дәптерін алып жүруі керек. Үй басқармасының қызметкері құжаттардың дұрыстығын тексеріп, дәптердің мұқабасының ішкі жағына жеке мәліметтері, мекенжайы мен қанша адам тіркелгені көрсетілген парақты жапсырады. Сондай-ақ бұл отбасы қандай дүкенге тіркелгенін, оның нөмерін көрсетеді. Осындай «қызмет» көрсеткені үшін ведомство екі манат алады.
Үй басқармасы бастапқыда барлық коммуналдық қызмет құнын төлеп, кейіннен карточка-талон алуға келуді талап еткен,
бірақ жүгінген адамдар көбейіп кеткендіктен, бұл талапты қазірге кейінге қалдырды, жұмысшылар барлығына бірдей қызмет көрсетіп үлгермеуде.
Азық-түлік карточкасы жарты жылға ғана жарамды, кейін оны жаңарту керек. Балқанабадтың 3-4 тұрғын үйінің адамдарын бір мемлекеттік дүкенге жазған.
Егер отбасында бір адамнан төрт адамға дейін тұратын болса,
айлық (!) жалпы норма 0,5 кг күріш, ұн, мақта майы және тауық етінен тұрады
Егер пәтерде 4-тен 8-ге дейін адам болса, әрқайсысына 1 кг азық-түлік қажет. Тоғыз және одан да көп мүшелері бар отбасылар бір жарым килограммнан ала алады.
Тұрғындардың пікірінше, бұл өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан да нашар жағдай.
Дегенмен, адамдар осындай аз көлемде берілетін азық-түлік үшін де дүкендердің алдында кезекке тұруда.
Алайда бір облыстың ішіндегі елдімекендердің арасындағы жағдай әртүрлі. Мәселен, 10 мамырда Балқан уәлаятының Түріменбасы немесе Мары уәлаятының кей ауылдары талон туралы естімеген де.
Ашхабад Түркіменстанда коронавирусты жұқтыру жағдайлары жоқ деп мәлімдеуді жалғастыруда. Азаттык хабарлауынша, ДДҰ елге COVID-19 күрес мәселелерін талқылау үшін делегация жіберуді жоспарлап отыр. Делегация бұған дейін Тәжікстанда болды, енді Түркменстанға баруды жоспарлауда, бірақ Ашхабад бұл сапарды «кейінге қалдырды». Дәлірек айтқанда,
ДДСҰ делегациясының келуі үшін ресми шақыру қажет, бірақ түрікмен билігі оны жолдауға асықпауда
— ДДҰ-ның деллегациясын кіргізбеуіне Түркіменстанның коронавирустың жоқтығы туралы мәлімдемесінің шындыққа жанаспауы себеп болуы мүмкін, — деп жазды портал.
29 сәуірге дейін Тәжікстан ел аумағында коронавирус жоқ деп мәлімдеді. Бірақ кейін алғашқы 15 адамның вирус жұқтырғанынын хабарлады, ал 11 мамырға дейін олардың саны 612-ге дейін өсті.
— Көптеген адамдар коронавирус Тәжікстанда және бұған дейін де болған деп ойлайды, бірақ
шенеуніктердің өкімі бойынша КВИ-ден қайтыс болғандарды COVID-19-дан емес, пневмониядан көз жұмды деп көрсетті,
— дейді журналистер өз жазбаларында.
Ақпан айында елдің шығысындағы билік шетелден келген азаматтар үшін карантин аймағын құрды. Әрине, ДДҰ делегациясы оларға барғысы келді. Билік олардың келетінін біліп, алдын ала дайындалған екен.
23 сәуірде ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге Twitter-де ДДҰ делегациясы Тәжікстан мен Түркіменстан елдеріне “Таяу күндері” Орталық Азия миссиясы аясында келетіндігін жазды.
Азаттлык хабарлағандай, осы твиттен кейін Лебап уәлаятында адамдарды карантиндік мекемелерден шығара бастады. “Түрікменстанның хроникасы” сайты COVID-19 расталған кем дегенде жеті пациент болғанын айтады. Олар да эвакуацияланды.