Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Түркіменстанда жалақыны жарық шамдарымен төлей бастады — БАҚ шолуы

Түркіменстанда ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс жалғасуда, деп хабарлайды Азаттық. Алайда билік сыр білдірмеуде. Ол үшін, мысалы, көшелерді жұпыны көрінетін азаматтардан үнемі “тазартып отыруды” ұйымдастырып жатыр.

Тегін жұмыс күші

Түркіменстанның Мары уәлаятында полиция қайыршылар мен жұпыны көрінетін және ескі киіммен жүрген азаматтарды қамауға алады. Полициядағы дереккөздерінің айтуынша,

кейбір қамауға алынғандарды мемлекеттік фермаларға “тегін жұмыс күші” ретінде жібереді

Бұл шара наурыз айының ортасында үлкен және кішігірім қалалардан үйсіз-күйсіз жүргендерді және қайыршыларды шығару жөніндегі полицияның жарияланбаған операциясы аясында басталды.

Оқиғалардың бірінде қарапайым жұмысшы өтіп бара жатқан адамдардың көмегінің арқасында полицияның қыспағынан құтылған.

— Мен қайыршы емеспін, ескі киім киемін, өйткені жаңасын сатып ала алмаймын”, — деп түсіндірді ол өзін көлікке күштеп мінгізуге тырысқан полицейге.

Өтіп бара жатқандардың айтуынша, адамдар полицияға оның жұмысы бар екенін айтқаннан кейін ғана оны босатқан.

Мары қаласының полиция қызметкері жақында аймақтық ішкі істер бөлімінің басшысы қарамағындағыларға үйсіз жүрген қаңғыбастардан көшелерден тазалауды бұйырғанын растады. Аты-жөнін жасыруды сұраған офицер

операция аясында полиция қызметкерлеріне тек үйсіз қаңғыбастарды ғана емес, сонымен қатар жұпыны киім киген адамдарды да ұстау тапсырылғанын айтты.

Полиция қызметкері Мары билігі кейбір қамауға алынғандарды фермаларға тегін жұмыс істеуге жібергенін айтты. Полиция қызметкері ауылшаруашылық жұмыстарына денсаулығы мықтыларын таңдап алғандарын айтты.

Журналистер полиция бөлімшелерінің біріне барды. Онда жақын туыстары туралы ақпарат алу үшін бір топ адам жиналыпты.

Одна женщина требовала немедленно освободить ее мужа, рассказала, что он работает грузчиком. Частные работники на рынках не носят униформу и нередко ходят в старой одежде, потому что пачкаются.

Көшелерді қайыршылардан, иттер мен мысықтардан тазалаңдар

Көшелерді қаңғыбастардан, қайыршылардан тазарту жұмыстары

жаппай мерекелер, шерулер алдында немесе Ашхабадта өтетін халықаралық іс-шаралар қарсаңында, шетелден жоғары лауазымды тұлғалар келген кезде жиі жүргізіледі.

Бір әйел күйеуін дереу босатуды талап етті, ол күйеуінің жүк тиеуші болып жұмыс істейтінін айтты. Базарлардағы жеке жұмысшылар арнайы киім кимейді және лас болып қалатындықтан көбінесе ескі киіммен жиі жүреді.

2017 жылы Түркімен астанасында болған қайғылы жағдайда танымал болған полиция қызметкерлерінің операциясы кезінде, жабық ғимараттардағы Азия ойындары қарсаңында полиция қызметкерлері, олардың ойынша, жұпыны болып көрінгендердің барлығын ұстады.

Жарыс ойындары алдында ауылдық жерлерден келген жүздеген жұмысшы-мигранттар үйлеріне қайтарылды. Жануарларды аулаумен айналысатын қызметтерге қаңғыбас иттер мен мысықтардың көзін жою тапсырылды.

Түркіменстан Үкіметі Тәуелсіздік күніне, Жаңа жылға және басқа да іс-шараларға, соның ішінде егін жинау күндеріне орай шерулер, концерттер мен ұлттық спорт жарыстар ұйымдастырады.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ашхабадтағы полиция қызметі үйсіз жүрген қаңғыбастарды ұстап, оларды ауылдық жерлерге жібереді. Онда оларды уақытша мемлекеттік мекемелерге — мысалы, қарттар үйлеріне орналастырылады.

Оларға тек мереке аяқталғаннан кейін ғана қалаға оралуға рұқсат беріледі.

Жалақы орнына тамақ салатын ыдыстар мен жарық шамдары беріледі

Экономикалық дағдарыстың жалғасуына байланысты кейбір мемлекеттік кәсіпорындар жұмыс орындарын қысқартуда. Кейбіреулері қызметкерлерге жалақы төлей алмай отыр.

Түрікменстанның шығыс аймағында Лебап уәлаяты Фарап ауданының коммуналдық қызметтері, ауылдық техникалық қызметтер, электрмен жабдықтау кәсіпорындары және аудандық газбен жабдықтау басқармасы жұмысшыларының санын 30%-ға қысқартқаны туралы ескертті. Жалпы білім беретін мектептердің жабдықтау бөлімдеріндегі жұмысшылар саны да қысқаруда.

Провинцияда орналасқан кейбір ірі мақта иіру зауыттары мен мақта тазалау кәсіпорындары,

жұмыс кестелерін екі есе қысқартқан.

Тоқыма және мақта зауыттарында жақын күндері орын алған өзгерістер мақтаның жетіспеушілігімен байланысты, дейді журналистер.

Пандемияға байланысты қазірдің өзінде Лебап уәлаятының бюджеттік ұйымдарындағы көптеген жұмысшылар жұмыстарынан айрылды.

“Соңғы бір жылда Лебап уәлаятының мемлекеттік және жеке сектор қызметкерлерінің шамамен 50 пайызы пандемияға байланысты жұмыстарынан айрылды”, – дейді жағдаймен таныс ақпарат көзі.

Ол аймақтағы мекемелерде 60 жастан асқан жұмысшылар зейнеткерлік демалысқа кетуге мәжбүр болғанын айтты.

Түркіменстан мемстаткомы елдегі жұмыссыздық деңгейі жөніндегі деректерді жарияламайды.

Сонымен бірге, кейбір мемлекеттік мекемелер қызметкерлерге жалақы төлеуде қиындықтарға тап болып отыр.

Дерек көздеріне сүйенсек, наурыз айында Дарғанаты ауданының оқытушылары мен дәрігерлеріне жалақысының 50%-ын

Түрікменстанда өндірілген тамақ, тоқыма өнімдерімен, пластикалық контейнерлермен және жарық шамдарымен төлеген.

— Бұл тауарларға сұраныс жоқ. Олар дүкен сөрелерінде шаң басып тұр. Бюджет қызметкерлері наразы”, – дейді Лебап тұрғыны.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер бұл тауарларды сатуға тырысқанымен, нәтиже болмай отыр.

— Мұғалімдер мен дәрігерлерге өздеріне еріксіз берілген бұл тауарларды базарларда сату қиынға соғуда, — дейді Азаттыққа сұхбат беруші.

“Бұрын алты күндік жұмыс аптасынан кейін біз демалыс күндері базарға сауда жасауға шықпайтынбыз”, — деп шағымданады Дараганаттан келген мұғалім.

Оның айтуынша, оларға бұдан былай айлық жалақыларының жартысы тауар түрінде берілетіні ескертілген. Лебап уәлаятының әкімшілігі бұл өзгерістерге түсініктеме бермейді.

Үкімет жеңілдікті бағамды алып тастауға мүдделі

Ел билігі шетелде оқитын студенттер үшін жеңілдетілген айырбастауды алып тастау мәселесін қарастыруда. Қазір олар Түркіменстаннан Орталық банк бағамы бойынша ақша аударымын алуға құқылы.

Қазіргі уақытта ақша аударымының мөлшері айына $50-дан аспайды

Алайда, жоспарланған айырбастауды жою шетелдегі барлық студенттерге әсер етпейді.

– Студенттерге арналған айырбастауды алып тастау мәселесі қарастырылуда. Бірақ ол да оңай емес. Мемлекеттік квота бойынша білім алып жатқан студенттер үшін айырбастау сақталады, – деп хабарлады 25 Наурызда ақпарат көзі.

Оның айтуынша, айырбастаудың күшін жою, егер ол мақұлданса, өз еркімен оқуға кеткендерге қатысты болады, бірақ

шетелдік жоғары оқу орындарында оқу мемлекет үшін “пайдалы” деп танылмайтын болса

Шетелде оқудың тиімділігі қандай негізде бағаланатынын анықтау мүмкін болмады. Ел билігі бұл тақырыпқа түсініктеме бермеді. Орталық Банк пен Білім министрлігіне қойылған көптеген сұрақтар жауапсыз қалды.

Дереккөз Үкіметтің студенттерге арналған жеңілдетілген курсты толығымен алып тастауға мүдделі екенін растайды.

Бірақ қазіргі уақытта әлеуметтік наразылықтан жасқанып, барлығының “дұрыс” және “бұрыс” тұстары саралануда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз