Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
5
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Түркіменстан коронавирус туралы айтуға тыйым салып, «бір тиын» бөлмей-ақ індетті жеңді

1002
Ашхабад. Сурет: Kerri-Jo Stewart

Сырттан келгендер қиындыққа тап болуда

Елге сырттан келгендердің барлығының вирус жұқтырмағанын тексеру –коронавирустың алдын алу шараларының бірі. Көптеген ел осы жолды таңдады, алайда Түркіменстанның қабылдаған шаралары басқаларға қарағанда ерекше.

Елге келген еркектерді екі аптаға Түркіменабад қаласының жанында (Өзбекстанға жақын жерде) орналасқан шатырлы лагерге жібереді. Ондағы жағдай өте нашар: әр шатырдың астында жиырмаға жуық екі қабатты төсектер мен жылытқыштар қойылған. Жылытқыштардың қуаты төмен болғандықтан,  кейбіреулері сырт киімдерімен ұйықтауға мәжбүр. Қосымша бір палатада жуынады, бірақ жылы су жоқ.

Ғимараттар бір-бірінен оқшауланбаған: жаңадан келгендер жақында шығатындармен бірге орналасады

Яғни бір ауру жұқтырған адам карантинге жатқызылса, қалашықтағы басқа адамдарға қауіп төндіруі мүмкін. Бірақ оқшаулау туралы ешқандай сөз болған жоқ. Жасы үлкен еркектер мен әйелдерді Түркіменабадтағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызады. Бірақ онда да барлығы керемет емес

«Ауруханадағы әйелдерді екі топқа бөлген. Температурасы немесе коронавирус инфекциясының белгілері барларды бір блокқа, температурасы жоқтарды басқа блокқа жатқызады. Алайда екі категориядағы науқастарды бірдей дәрігерлер мен медбикелер тексереді, олар бір блоктан екінші блокқа қарапайым халатпен кіре береді.

Ескерту айтқан әйелге дәрігер бұған қатысты ешқандай арнайы киім кию және блоктар бойынша медициналық қызметкерлерді бөлу туралы тапсырма болған жоқ деп жауап берді», —

деп жазды «Түркіменстан хабары».

Ақша жоқ, бірақ солай болуы керек

Коронавирус адамдар бір-бірімен байланысқан кезде ғана тарамайды. Осыны ескеріп, Түркіменстан  қолма-қол ақша айналымын қысқарту туралы шешім қабылдап, тұрғындарға картамен есеп айырыссын деген ұсыныс берді.  Дегенмен, елде COVID-19 пайда болмай тұрып-ақ қолма-қол ақшамен күрес басталып кеткен.

2019 жылдың шілдесінде халық банкоматтардан ақша шешіп алудың қиындап кеткенін айтып шағымданған, онда қаражат таусылып қала береді. Оларға күніне бір рет, тең таңертең ғана ақша салынатын. Сондықтан түннен бастап кезекке тұра бастаған. Бірнеше сағат бойы кезекте тұрып, төбелес пен айқай-шудың куәгері немесе қатысушысы болып, ақыр аяғында алғашқы 20-30 адам ғана ақша ала алатын. Басқаларына ешнәрсе қалмай қалады. Нәтижесінде жалақы түскеннен кейін тек бірнеше аптадан кейін қолына ала алады. Барлық уақытта бірдей сатып алған заттарының құнын карточкамен төлей алмайды: бірде  терминал жоқ болса, кейде банктермен байланыс болмай қалады.

Банкомат алдындағы кезек, 2020 жылдың 20 наурызы (сурет: «Түркіменстан хабары»)

 

Банкоматтардың алдында тұрған адамдардың саны екі жүзге дейін жеткен. Ал түркімен басшылары бұл мәселені шешудің өзіндік жолын тапты. Олар бұлай кезекке тұруға тыйым салды. Банкоматтың алдында тұрған адамдарды полиция ұстап, тергей бастады. Кәсіпорындарда адамдарға түсіндіру шаралары жүргізіліп, банкоматтардың алдында «көрінбеңдер» деп талап етті. Нәтижесінде,

өзінің ақшасын шешіп алған адамдар құқық бұзушылар ретінде қудалана бастады

Бірақ бұл да көмектеспеді. Банктер басқа бір қадамға барып, көшеден адамдардың кезекке тұрғаны көрінбеу үшін банкоматтарды аулаларға орналастыра бастады.  Бұған дейін ақша шешудің күндізгі лимиті белгіленген еді.

8 сәуірден бастап, жаңа ереже күшіне енді: карта шығарылған банктің банкоматынан ғана ақша шешіп алуға болады. Бұл туралы ешкімге хабарлап, ескерткен де жоқ, адамдар бұл жаңалықты тәжірибе барысында білді.

Адыраспанның күші

Гурбангулы Бердымухамедов – медицина ғылымдарының докторы, жергілікті шөптердің емдік қасиеті туралы бірнеше кітаптың авторы. Сондықтан ол өзінің не айтып отырғанын біледі: коронавирусты адыраспанның көмегімен (гармала деп те аталады) жеңуге болады. Кепкен шөппен ғимараттардың ішін түтіндету, аластау үшін қолданады. Онымен түйенің ботасының қышымасын емдейді. Енді коронавирусты да өлтіреді.

Ашхабаттың кейбір мектептерінде  (Түркіменсатандағы оқы жылында ешқандай өзгеріс болған жоқ) ата-аналардан адыраспан сатып алуға ақша жинауда. Алайда, мұнымен ғана шектелген жоқ: оқушылардан дезинфекциялық заттар жиынтығын өздерімен бірге алып жүруді талап етуде. Олар: оксолин жақпа майы, қолға арналған спрей, сүлгі, бетперде, сабын және жеке термометр. Бұлай болмаған жағдайда мектепке кіруге рұқсат жоқ. Басқа мектептерде мұғалімдер де ақша жинауда.

«Бүгін астаналық ұстаздар дәрі-дәрмек сатып алу үшін 8 манаттан жинады.  Оқу ісінің меңгерушісінің тапсырмасымен бір оқушы барлық сыныптарға кіріп, ұстаздардан ақша жинады», —

деп жазды «Азатлык Радиосы».

Дәрігерлер ешнәрсе айта алмай отыр

Түркіменстандағы ресми деректер бойынша елде коронавирус жұқтырғандар жоқ. Сонымен қатар, осы сөздің өзі мемлекеттік БАҚ тек бірнеше рет қолданылған. Мысалы 8 сәуір күні бірнеше министрлердің қатысуымен жиналыс өткізді. Мемлекеттік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесудің қорытындысында мемлекет басшысы ары қарай Түркіменстанда жедел респираторлық ауруды анықтау бойынша кешенді жұмыс істеуді тапсырған.

Дәрігерлерге де бұл туралы айтуға тыйым салынуда: Елдегі медицианлық мекемелерде үнемі жиналыстар өткізіп, онда коронавирусты және мемлекеттің саясатын қатысты проблемаларды талқылауға тыйым салынғанын түсіндіреді. Бұған келіспегендерді қатаң жазалауда:

«Кадр бөлімінен жары немесе күйеуі қайда жұмыс істейтінін, баласы немесе қызының қайда оқитынын анықтап, жұмыстан, жоғары оқу орнынан шығарады. Тұлғаны моральдық тұрғыдан басуға себеп табады. Егер қызметкерлердің балалары шетелдік университеттерде оқыса, оларды есепке алады», —

деп жазды Азатлык тілшісі.

Бірақ футбол ойнауға болады

Яғни Түркіменстанда барлығы жақсы, алаңдайтын себеп жоқ.  Сондықтан 7 сәуірдегі денсаулық күнінде жаппай велосипедпен жүріп өту шарасы болды. Әдеттегідей үлкен көлемде емес, мәселен статист-студенттер болған жоқ. Президент те көшеге шыққан жоқ, ол атпен шауып, кейіннен олимпиядалық қалашықта велосипедпен серуендеді, жабық велотректе жиналыс өткізді.

Түркіменстандағы веложарыс

Спорт сүйер қауымның қуанатын себебі бар: 19 сәуірде футбол маусымы басталады. ол 24 наурызда түсініксіз себептермен тоқтаған еді. Енді матчтар ары қарай жалғасады. Әлемде фудбол чемпионаттарын тоқтатпаған бірнеге ел бар, олар: Белорусь, Никарагуа және Бурунди.

Материалды дайындау барысында «Түркіменстан хабары» және «Азатлык Радиосы» материалдары пайдаланылды. 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз