Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-11
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Түрікменстанда мемлекеттік жасыл нөмірі бар автокөліктерді аңду басталды — БАҚ шолуы

Ашхабадта полицияның жол қадағалау қызметінің (ПЖҚҚ) айыппұл тұрағына соңғы бес-алты күнде жасыл нөмірлері бар автомобильдер көптеп әкелініп жатыр деп хабарлайды Азаттық. Балқан велаятының әкімшілік орталығы Балқанабад қаласында осындай нөмірі бар 200-ден астам көлік жиналған.

Дереккөздер жол полициясы тарапынан жасыл мемлекеттік нөмірлері бар көліктерге осы уақытқа дейін “немқұрайлы қарап келгенін” айтады. Бірақ

мемлекеттік мекемелерден басқа, оларды жеті жыл бұрын рұқсат етілген жеке фирмалар да қолданған

Енді бұл шешім күшін жойды.

— Бұрын қабылданған шешімнің күшін жоюына байланысты енді кәсіпкерлерден фирмаларға рәсімделген машиналардың жасыл нөмірлік белгілерін аққа ауыстыру талап етілді, – дейді Балканабад тұрғыны.

Порталдың айтуынша, жеке фирмаларға жасыл түске рұқсат берілгеннен кейін, автокөлік иелері арасында оларды алғысы келгендердің саны артқан, өйткені полиция жасыл белгілері бар көліктерге аса тиіспейтін.

Нәтижесінде қымбат көлік иелері оларды “таныстар арқылы” немесе жеке фирмалардың көмегімен жаппай ала бастады

— Қызмет тез тарала бастады. Біреулер шынымен жеке компанияларда жұмыс істеп алды, ал біреулер тек сонда тіркелген болатын. Полиция осындай нөмірлі фирмалардың көліктерін “аулай” бастағаны айтылады. Ал соңғы бес-алты күнде айып тұрағына жасыл нөмірлері бар көптеген автомобильжеткізілді, — деді ақпарат көзі.

Көлік тұрақтарында астаналық нөмірлермен де, сондай-ақ өңірлерде берілген нөмірлермен де тұр. Дереккөз олардың арасында тапсырыстарды жеткізу бойынша қызмет көрсетумен айналысқандар да бар екенін айтады — Ашхабадта бұл бағыт танымал бола бастады.

Соңғы айларда бүкіл ел бойынша жолдардағы бақылау күшейтілді. Ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл мөлшерін ұлғайтқан түзетулер енгізілді.

Фермерлерге бақылау күшейтілді

Жақын болашақта көптеген елдер аштыққа тап болады, осыған байланысты түрікмен билігі бидай жинауды қатаң бақылауға алды. Теджен және Бабадайхан этраптарындағы фермерлер биыл оларға өсірілген дақылдан “бір дән” қалдыруға рұқсат етілмегенін айтады.

— Бұрын біз өзімізге 5-10 қап астық қалдыра алатын едік, бірақ биыл барлығы қатаң, — деді жалға алушылар.

— Комбайн жүргізушісімен келісіп, өзіне аз мөлшерде бидай қалдыруға болады, ал биыл әрбір комбайнды 30-40 адамнан бақылап отыр

Қадағалау күшейді, — дейді жалға алушы бірі.

Диқандардың айтуынша, егін жинауды қадағалайтын шенеуніктер жалға алушыларға комбайнерлермен сөйлесуге рұқсат бермейді.

— Олар біздің комбайн жүргізушісіне жақындауымызға жол бермейді. Олармен сөз байласуымыз мүмкін деп қорқады”, – дейді жалға алушы.

Фермерлердің айтуынша, бұл күндері бидай алқабына апаратын жолдарда құқық қорғау органдарының қызметкерлері тұрып, көліктерін тексеріп жатыр. Сонымен қатар, егістіктердің жанында ескі көліктерде бейтаныс адамдар пайда болды және сатылатын бидай бар ма деп сұрауда. Жалға алушылар бұл қауіпсіздік органдары жіберген жалған адамдар деп күдіктенеді.

Олардың айтуынша, билік өкілдері егер жалға алушылар егіннің кем дегенде бір бөлігін өзіне қалдырғаны анықталса қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді және оларды теледидардан қолдарына кісен салып көрсетеміз деп қорқытады.

Қала президенттің құрметіне, ал даңғыл — атының құрметіне

Түрікменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өз жылқысының құрметіне Ахал облысының әкімшілік орталығы болатын жаңа қала даңғылдарының бірін атауды ұсынды, деп хабарлайды “Бейтарап Түрікменстан” үкіметтік газеті.

Қазіргі президент Сердар Бердімұхамедовтың ұсынысы бойынша олар жылқыға ескерткіш орнатуды жоспарлауда. Бердімұхамедов ақсақал бұл идеяны салынып жатқан қалаға сапары кезінде алға тартты.

Мамыр айының басында ақпарат көздері жаңа қаланы Аркадаг деп атау туралы шешім қабылдады — бұрынғы мемлекет басшысының ресми атағының құрметіне. Бұған дейін Президент Сердар Бердімұхамедов қоғамды атау таңдауға көмектесуге шақырды.

Айта кету керек, Түркіменстанның экс-президенті 2018 жылы Ахал-теке жылқысының күнін ұлттық мерекеге айналдырды, ол сәуірдің соңғы жексенбісінде атап өтіледі.

Түрікменстанда жылқылардың құқықтары мен мүмкіндіктері заңмен бекітілген, оларға паспорт беріледі,

ал қайтыс болған жағдайда оларды мемлекет арнайы бөлген жылқы зиратына жерлейді. Егер мемлекеттік тізілімге енгізілген жануар өлсе, заң бойынша оны мемлекеттік шенеуніктер соңғы сапарға шығарып салады.

2020 жылы Ашхабадта түрікмен алабайына ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің жалпы биіктігі 15 метр, тұғыры — тоғыз метр, иттің өзі алты метр. Тұғырдың айналасында бейне экран орнатылған, онда осы тұқымның иттері бейнеленген видеолар көрсетіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз