Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Түрік азаматынан таяқ жеген жедел жәрдем жүргізушісі дабыл қақты

Заңгердің сөздері Instagram әлеуметтік желісіндегі Almatygggram парақшасында жазылған. Оның сөзінше тергеуші бұлардың арыздарын да қабылдамаған көрінеді.

«Келісілген уақытта, яғни 2018 жылдың 29 қыркүйек күні сағат 14:30-да Алмалы аудандық ІІБ-нің ғимаратына тергеуші Байдулла Азаматтың шақыртуы бойынша келіп, қылмыстық істің материалдарымен таныспақ болдық. Тергеуші 5-қабаттан арнайы түсіп, бізден ұялы телефондарымызды қалдырып кетуімізді талап етті. Қылмыстық іс материалдарының көшірмесін қалай түсіріп аламыз деген сауалымызға “оны түсіріп алуға құқыларыңыз жоқ, тіпті тергеу аяқталғаннан кейін де” деп жауап берді. Осылайша ол ҚР Қылмыстық кодексіндегі 295 және 296-шы баптарды бұзып отыр», – деп жазылған жәбірленуші тараптың мәлімдемесінде.

Тергеуші сондай-ақ, талап-арызды қабылдамайтынын да айтқан көрінеді.

«Сіздердің шағымдарыңызды қабылдамаймын. ІІБ-нің кеңсесіне өткізіңіздер. Бірақ, бүгін сенбі, ол жер жұмыс істемейді», – депті тергеуші жәбірленуші мен оның қорғаушысына.

«Тергеуші неліктен жәбірленушінің денсаулығына келтірілген залалдың деңгейін анықтау үшін қосымша сараптама тағайындамауға барын салуда? Бұл кімге тиімді?» – дейлінген аталған жазбада.

Еске салайық, аталған оқиға 18 қыркүйекте болған еді. Жедел жәрдем көлігімен жолға таласқан Түркия азаматы жүргізуші Николай Кучманы сабап тастаған. Алған ауыр жарақатынан ер азамат ауруханадан бір-ақ шықты. Ал, 28 жастағы бұзақы болса видеоүндеу жариялап, Қазақстан халқынан кешірім сұрады.

View this post on Instagram

Явились в назначенное время в 14.30 29.09.2018 года в УВД Алмалинского района по вызову следователя Байдулла Азамата с целью ознакомления с материалами уголовного дела. _ Следователь специально спустился с 5го этажа, чтобы проконтролировать, чтобы постовой из'ял сотовые телефоны, в том числе у адвоката!!! На резонный вопрос о том, как же мы будем знакомиться с делом и снимать копии, ответил, что снимать копии он нам не даст, поскольку у потерпевшего и его представителя якобы нет такого права, даже по окончании досудебного расследования!!! Тем самым, следователь грубо нарушил ст.ст.295, 296 УПК РК. _ Кроме того, имеющиеся письменные ходатайства об ознакомлении с делом и о предоставлении трёх суток с момента ознакомления для принесения других ходатайств принять отказался. Тем самым, следователь нарушил ст.99 УПК РК. _ Особенно ценично и из ряда вон прозвучало из уст следователя Байдулла Азамата: – Ваши ходатайства я не приму. Сдайте их через канцелярию УВД. – А она работает?! Сегодня суббота… – Нет. _ Вопрос: почему следователь делает всё, чтобы не назначать дополнительную экспертизу по определению степени тяжести вреда здоровью, избитого водителя скорой помощи, с учётом его неучтенного в первой экспертизе стационарного лечения, а также амбулаторного лечения и кому это выгодно? _ Вопрос, что скрывает следователь в деле? _ Вопрос: если даже по такому резонансному делу при участии адвоката грубейшим образом нарушаются права потерпевшего, то чего ждать рядовым гражданам без адвоката?

A post shared by Almaty | Алматы (@almatygggram) on

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз