Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Тұрғын үйді жалға алу құны пандемия кезінде қалай өзгерді? Жалға алушыларға кеңес

210

2021 жылы үйді жалға алу бағасы шамамен 2019 жылдағыдай деңгейде тұрақтанды. Бұл туралы Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов айтып берді.

Маусымдық фактор енді әсер етпейді

– Биылғы жазғы кезеңде Қазақстан қалалары карантиннен шығады, барлығы тұрақтанады. Сол себепті жалдау құнына маусымдық фактордың әсері туралы айтудың қажеті жоқ.

Бүгінгі таңда тұрғын үйді жалға алу үлкен сұранысқа ие, – дейді ол. Маманның мәлімдеуінше, Қазақстанның ірі қалаларында бір бөлмелі пәтерді жалдаудың орташа бағасы бүгінде 90 мың теңгені құрайды. Жиһазы бар болса және тұрғын үй орталыққа жақын орналасқан жағдайда.

Сұраныс бар

Сонымен қатар, құрылыс саласын жандандыру, сондай-ақ комфорт- және эконом-класты жаңа тұрғын үй кешендерін салу жалға беру нарығы үшін драйверге айналуда.

Кейбіреулер жаңа ғимараттардағы пәтерлерді кейіннен жалға беру үшін инвестициялық кіріс ретінде сатып алады.

– Тұрғын үй сатып алуға зейнетақы жинағындағы ақшаның артығын алу мәселесіне келер болсақ, негізінен тұрғын үйді жалға беру үшін емес, тұрақты тұру үшін сатып алуда. Зейнетақы суммасының көмегімен пәтер сатып алып, жалға беріп жатқандардың үлесі өте аз. Тұрақты тұрғын үйі жоқ адамдар арасында үйді жалға алу қажеттілігі азаймайды, үйсіздер саны көп. Адамдар өз жылжымайтын мүліктеріне ақша жинау кезінде, үйді жалға алуға мәжбүр болады, – деп атап өтті Мүсірепов.

Жалға беруші пәтер иелеріне кеңестер

Жылжымайтын мүлікті жалға беру үшін ғана сатып алғысы келетіндер үшін Қазақстан Жылжымайтын мүлік федерациясының президенті оны қала орталығына жақын алуға кеңес береді, сонда оны жалға беру тиімдірек болады. Тіпті қала орталығындағы “дайын пәтер” (меншіктігі құжатпен расталған, салынып, дайын тұрған пәтер) орталықтан алыс орналасқан “бастапқы пәтерден” (тек құжат жүзінде салынған пәтерден) озып кетеді.

— Біз 1-2 бөлмелі пәтер алуға кеңес береміз, өйткені мұндай тұрғын үй жалға алушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие.

Жөндеу жұмыстарын назардан тыс қалдырмаған жөн: тұрақты түрде косметикалық жөндеу жасалып тұруы керек. Үнемі жөндеусіз пайдаланылатын жылжымайтын мүлік соңында жарамсыз болып қалады. Егер сіз ең болмаса аз мөлшерде жөндеу жұмыстарын жасап тұрмасаңыз, соңғы жалға алушы пәтерден кеткен кезде пәтерді қайта қалпына келтіру үшін қомақты сома жұмсауыңызға тура келеді. Егер жалға алушының өзі ағымдағы жөндеу шығындарын өз мойнына алғысы келсе, оған рұқсат берген дұрыс.

Осыған байланысты келісім-шартта егер жөндеу жұмыстары жалға алушының есебінен жүргізілсе, ай сайынғы жалдау төлемдері үшін жеңілдіктер қарастырылуы қажет.

Егер жөндеу туралы келісім болмаса және жалға алушы өз есебінен жаңарту жұмыстарын жүргізгісі келсе, онда пәтерді жалдау келісім-шартын бұзған кезде ол өзімен бірге тек “жасаған жаңартуларын” алып кете алады. Мысалы, егер жалға алушы өз есебінен кондиционер орнатса, ол оны кетерде өзімен алып кетуге құқығы бар”, — дейді сарапшы.

Коммерциялық жылжымайтын мүліктің ерекшеліктері

Ал коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алуға деген сұраныс, Ермек Мүсіреповтің сөзінше, төмендеп барады. Сондықтан ол жалға беру үшін мұндай мүлікті сатып алмаған дұрыс деп есептейді. Бүгінгі таңда көптеген компаниялардың қызметкерлері әлі де “қашықтықтан” жұмыс істейді.

Коммерциялық жылжымайтын мүлік түрлерінен тек тоқсандық форматтағы дүкендер, шағын азық-түлік дүкендері және тұрмыстық тауарларды сатуға арналған дүкендерді қарастыруға болады. Олар әрдайым, тіпті пандемия кезінде де жоғары сұраныста болады, – деп топшылады сарапшы. Оның пікірімен экономика ғылымдарының кандидаты және мүлікті бағалау жөніндегі халықаралық сарапшы Александр Калинин де келісіп отыр.

– Коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығында жалға алушыларға шағын аудандар мен тұрғын үй кешендерінде шағын маркеттер ашуға болатын бірінші қабаттардағы үй-жайлар қажет. Сұлулық салондарына арналғандары да сұранысқа ие.

“Қара сылақтағы пәтер” ме әлде “дайын пәтер” ме?

Жалға берілетін пәтерлерді қайталама нарықта сатып алған дұрыс, бұл жағдайда жалға берушіге арзан түседі. Себебі мұндай үйлердегі пәтерлердің көлемі кішкентай. Жалға алушыларға көлемі емес, тұратын бөлмелері болғаны маңызды.

Жөндеуге көп қаражат салудың қажеті жоқ, аздап косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізсе жеткілікті.

Жаңа тұсқағаздар, ламинат, жұмыс істейтін сантехника, плиталар, телефон, теледидар және қарапайым жиһаз болса жеткілікті. Пәтерді жалдаудың орташа құны оның негізгі сипаттамаларына байланысты: орналасқан жері, ауданы (жалпы ауданы және пайдалылығы); “бастапқы” немесе “дайын пәтер”. Жиһаз, кондиционер және т.б. бар болуы секілді қосымша сипаттамалар да маңызды рөл атқарады”, — дейді ол.

Баға неден тұрады?

А. Калининнің есептеуінше, бүгінде Алматыда “бір бөлмелі пәтерді” жалға алу бағасы айына 60 мыңнан 150 мың теңгеге дейін болуы мүмкін.

– Әдеттегідей, жалға берілетін тұрғын үй бағасы сәуір-мамыр және қыркүйек-қазан айларында өседі. Бірінші жағдайда бұл қалалардағы сауда мен құрылыстың жандануына байланысты болса, ал екіншісінде – жоғары оқу орындары мен колледждерде оқу жылының басталуына және жатақханалардағы жататын орындардың аздығына байланысты, – деп атап өтті ол.

Сарапшы Қазақстанда тұрғын үй бағасының өсуі үйді жалдау бағасының артуына тек сөз түрінде әсер ететіндігіне сенімді. Іс жүзінде тікелей оған қатысты емес.

– Үйді жалдау бағалары айтарлықтай тұрақты және жалға алушылардың қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты деп ойлаймын.

Егер отбасылық бюджетте табыстың 30-35%-ы пәтер ақысына жұмсалса, онда өмір сүруге болады. Тамақтануға, емделуге, білім алуға және т.б. жұмсалатын өзге де шығындарды ескеретін болсақ, әрине. Жалдау құнының өсуіне адамдардың зейнетақы ақшасын алуы әсер етеді деп ойламаймын. Оған әсер ететін жанама, салыстырмалы фактор ретінде жалға беру мақсатында зейнетақы жинақтары есебінен тұрғын үй сатып алуды қарастыруға болады. Бірақ мұндай жағдайлар өте аз”, — деп қорытындылады бағалаушы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз