Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жарайсың! Үш пәтерді “басып” қалса да заңды бұзбапты

Депутат Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қатысты 2013 жылы болған дау-дамайды еске салып өтті. Ол кезде бұл іске Мемлекет басшысы араласқан болатын.

“Ақ жол” партиясының фракциясы 2013 жылы үкіметке сол кездегі банк басшылығының іс-әрекетіне қатысты екі рет сауал жолдаған болатын. Сол кезде өте тиімді шарттармен өздеріне және туғандарына Алматыда қымбат пәтерлер алған банк басшылығының әрекетінен мемлекеттік органдар заңсыз еш нәрсе таппаған еді. Тек бұл іске

Мемлекет басшысы араласқаннан кейін ғана сең орнынан қозғалды.

Президенттің тапсырмасымен банк басшылығы жұмыстан қуылып, пәтерлер мемлекетке қайтарылды”, — деді Ерлан Барлыбаев.

Жүрек жұтқан әккі екен

Банктің айналасындағы дауға қарамастан, Айжан Медеуова мен оның туған-туысқандары үш пәтерді дәл сол уақытта алғаны белгілі болып отыр.

“БАҚ мәліметтері бойынша, сол кезде коммерциялық банктерде ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі 20 пайызға дейін жеткен.

Ал төраға орынбасарының отбасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы ипотеканы 4-5 пайызбен алған.

Көптеген қазақстандықтар екі-үш жұмыста еңбектеніп, ай сайын 100 мыңдап кредит төлейді. Әрі олар теңгенің бұрынғы бағамы бойынша қарызын қайта қаржыландыра алмай жүр.

Ал

банк басшылығының туған-туыстары Астананың орталығындағы сәулетті үйлер үшін бар болғаны айына 20 мыңдай ғана төлейді.

Қай кезде қатардағы қазақстандыққа осындай мүмкіндік беріліп еді?”, — деп кейіді депутат.

Оның айтуынша, бұл банк баспанаға мұқтаж адамдарға көмек көрсету үшін құрылды ғой. Мемлекеттік бағдарламаға басшылар үшін емес, қарапайым адамдарға арналып әзірленді. Осыған байланысты “Ақ жол” партиясының депутаттары бүгін үкіметке арнайы сауал жолдап, банк қызметін тәртіпке келтіруді талап етті.

“Банк бәрін заңды деп отыр. Бұл жағдай заңды болғанның өзінде де ұят іс.

Біз жеке бизнес пен мемлекет есебінен жасалатын коммерцияның аражігін ажыратуға шақырамыз.

Осыған орай, “Ақ жол” фракциясы кезекті рет үкіметтен аталған ұйымның қызметін тәртіпке келтіруді талап етеді”, — деді халық қалаулысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз