Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Тұңғыш Президенттің Қоры халықаралық ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде

156

Ханойдағы «Hotel Elegant» көрме павильоны бір күнге галереяға айналды. Онда елорданың ең әсем қырық фотосуреті және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген, қазақстандықтардың өздері де көрмеген, суреттер ұсынылды. Қонақтар мен тұрғындардың осындай табиғи көріністерді ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Қорының және Вьетнам Социалистік Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілгінің қолдауымен көруіне мүмкіндік болды.

Алайда, Тұңғыш Президенттің Қорының делегациясы тек қана көрме өткізумен шектелген жоқ. Вьетнамның жетекші университеттерінің студенттеріне Астана туралы қысқаша фильм көрсетілді, Қазақстан туралы және оның тұрғындары туралы, сондай-ақ Тұңғыш Президенттің Қорының қызметі және мүмкіндіктері туралы айтылды.

Бұл күні ондаған адамдарға замануи Қазақстанға және фотокөрменің арқасында бас қаланың жетістіктеріне, республиканың қол жеткізген жетістіктеріне жаңа көзқараспен қарауына мүмкіндік болды.

«Undiscovered Kazakhstan» ерекше және көркем экспозиция болып табылады – отандық фотографтардың ұзақ экспедициясының нәтижесі. Оған 3 000-нан астам көркем фотосурет енген, оның 40-қа жуығы Ханойдың тұрғындарына біздің елімізге басқаша көзқараспен қарауға, Қазақстан табиғатының көркемдігі мен алуан түрлігін көрсетеді. Біз Қордың қолдайтын ең үздік туындыларын көрсете алдық. Аталған іс-шара Қазақстан мен Вьетнам арасындағы іскерлік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз, деп атап өтті Сергей Тохтаров, Қордың Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры.

Көрме «Арқайым» тобының орындауындағы халықтың лирикалық әнінің қолдауымен өтті, ол қонақтарды бей-жай қалдырған жоқ және Қазақстанды жақынырақ білуге көмектесті.

Вьетнам Социлистік Республикасы Парламентінің депутаттары, Үкіметтің, дипломатиялық корпустың, бизнес топтарының өкілдері және студенттер көрменің қонақтары болды. Олар Қазақстан мен Астананың халықаралық дипломатия және бітімгерлік орталығы, замануи технологиялар мен инновацияларды дамытудағы атқарып отырған рөлін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз