Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Түнгі клуб алдында көлік қағып комаға түскен әйел қайтыс болды

Осыдан кейін 25 жастағы Ксения облыстық ауруханаға жатқызылды. Оның бас миы мен ішкі ағзасы жарақаттанып, қабырғалары сынған еді. Бірден ота жасалып, жансақтау бөлімінде ауыр халде жатты. Комаға түскеннен кейін есін жимады.

Күні кеше жергілікті тұрғындар Ксения үшін қан тапсырды. Алайда әйел бүгін таңертең ауруханада жатып қайтыс болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қайғылы жағдайды растады.

“Иә, әйел таңертең көз жұмды”, — деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

Ксенияның артында екі жасар қызы қалды. Бірнеше жарақаты бар екінші әйел №3 қалалық ауруханада жатыр. Науқастың жағдайы тұрақты. Ал қайғылы жағдайға себепші азамат әлі күнге дейін қашып жүр. Қалалық соттың ақпараты бойынша, 15 қыркүйек күні 4 сағат 24 минутта 26 жастағы Илья Старухин мас күйінде жол ережесін бұзып, екі әйелді қағып кетті. Ол қайғылы жағдай болған жерден қашып кеткен және қазіргі сәтте жасырынып жүр.

Жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды: ҚР ҚК 345-бап, 2-бөлігі бойынша (“Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян әкелу немесе адам өліміне әкеліп соққан көлік құралдарын пайдалану”) және ҚР ҚК 347-бабы бойынша (“Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу”). Екі іс бойынша да қылмыскер екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Іс материалдарында күдіктінің 15 қыркүйек сағат 06.19 кезінде Қазақстаннан Ресейге жаяу өткені жазылған. Ол осыдан кейін мемлекет территориясына қайтып кірмеген.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз