Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Тұмар-2020» Ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды

291
Сурет: 24.kz сайтынан алынды

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді tvtumar.kz сайтында толтыруға болады.
Бәйгеге қатысуға 2019 жылы қазақстандық телеарналарының эфиріне шыққан тележобалар қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, кәсіби телевизиялық контент шығаратын студиялар мен компаниялар ұсына алады.

«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесінің номинациялары:
1. Үздік телевизиялық сериал
2. Үздік әлеуметтік жоба
3. Үздік декерті фильм
4. Үздік ток-шоу
5. Үздік ойын-сауық бағдарламасы
6. Үздік ақпараттық бағдарлама
7. Үздік тележүргізуші
8. Үздік тележурналист
9. Үздік режиссерлік жұмыс
10. Үздік аймақтық телеарна
«Тұмар» Ұлтық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Аталмыш уақыт аралығында отандық тележурналистикасының 36 маманы эксклюзивті мүсіншенің иесі атанды.

Жеңімпаздардың қатарында журналистиканың «жілігін шаққан» майталмандармен қатар, жас та болса осы саланың үлкен үмітіне айналған және өзінің кәсіби біліктілігін көрсете білген жастар да бар.

Жоба құрылған жылдардан бастап бәйгеге қатысуға барлығы 898 өтінім қабылданды, олардың ішінен 138 өтінім бас жүлде – бәйгенің басты сыйлығы жезден және әйнектен жасалған «Тұмар» мүсіншесі үшін таласқа түскен болатын.

Төртінші «Тұмар» сыйлығы ерекше болады – өткен жылдардағы қазылар алқасы мен кәсіби қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, Ұйымдастырушы комитеті, биыл әр жеңімпазға «Тұмар» мүсіншесіне қоса бір миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы тағайындау туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, байқау тарихында алғаш рет қазылар алқасының құрамында қазақстандық телевизиясының кәсіби мамандарымен қатар, халықаралық деңгейдегі сарапшылар да бой түзейді.

Ұлттық бәйге ұйымдастыру комитетінің байланыс құралдары:
📞 +7 777 515 95 32
📩 tvtumarorg@gmail.com

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз