Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Түлектердің таңдауы техникалық кәсіпке бір табан жақындай түсті

Кеше елордамызда жобаның нәтижелерін айшықтайтын қорытынды форум өткен. Шара «Жобаның үздік тренері» байқауының финалистері, елордалық мектептердің педагог-психологтері, ҚР Білім және ғылым Министрлігі, азаматтық қоғам мен дін істері Министрлігі, ғылыми-зерттеу орталықтары, жастар ұйымдарының өкілдері мен қоғамдық қайраткерлердің басын қосты. Лима Диас – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры – ресми өкілі атқарылған жұмыс жайлы ой бөлісті.

«Қазақстанда осымен бірнеше ай бойы жастарға арналған тренингтер жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда түлектердің көбі жұмысшы мамандықтардың қыр-сырын білмей жатып, таңдауын гуманитарлық мамандықтарға тоқтатады. Сондықтан біз 36 мың оқушы мен олардың ата-аналары үшін арнайы жұмысшы мамандықтардың құндылығы мен маңыздылығын түсіндіру мақсатында тренингтер ұйымдастырдық», – дейді ол.

Жоба аясында Павлодар, ОҚО, БҚО, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында жұмысшы мамандықтарды дәріптеу бағытында тренингтер, өндіріс ошақтарына жасалған экскурсиялар мен еңбек әулеттерімен кездесулер ұйымдастырылып, барлығы 36000 оқушы мен олардың ата-аналары және 260 педагог-психолог қамтылған.

Өткізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесінде ұйымдастырушылар оқушылардың жұмысшы мамандық жайлы білімдерін тексеріп, олардың қызығушылық таныту деңгейін анықтағанн. Айта кету керек, тренингке дейін олар техникалық кәсіпті беделге ие емес, қара жұмыс санатына жатқыса, тренинг өткен соң жағдай әлдеқайда өзгерген.

««Жоба іске қосылмас бұрын біз әлеуметтік зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде тренингтен соң едәуір өзгерістерді байқадық, мәселен сұралғандардың 5-10 пайызы өз болашақтарын жұмысшы мамандықпен байланыстыруға ниетті екендерін жеткізді. Бұл біз үшін жоғары көрсеткіш», – атап өтті Лима Диас.

Сонымен қатар, «Жобаның үздік тренері» байқауының бес жеңімпазы анықталды. Айта кету керек, бес мұғалім Санкт-Петербург қаласындағы «Иматон» Практикалық психология Институтында ұйымдастыралатын «Топтық және жекелей кәсіби бағдар берудің заманауи әдістері» тақырыбы бойынша оқыту курстарына жолдама алады.

Байқау жеңімпаздары: Момбаева Каракоз (Шымкент қаласы, №30 мектеп), Машар Ақалтын Сидағалиқызы (Ақтөбе қаласы, №16 мектеп), Андирова Айман Амандыковна (БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі), Кенджебаева Мира Урынбасаровна (Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №9 мектеп), Серимбаева Данна Тулеубаевна (Павлодар қаласы №19 мектеп)

Форум спикерлерінің бірі “Сколково” Мәскеулік басқару мектебі «Жаңа мамандықтар атласы» жобасының кәсіби дағдыларды дамыту департаментінің басшысы Дьячкова Екатерина Васильевна қатысушылар мен елорданың 100 мұғалімі үшін арнайы «Болашақ мамандықтарын таңдау» тақырыбындағы бағдарламасын таныстырды. Сонымен қатар, іс-шара барысында «Түлектер арасында жұмысшы мамандықтарды дәріптеу мен кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізудегі мәселелер» әлеуметтік зерттеуінің талқылау аймағы ұйымдастырылды.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз