Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

“Тығылып оқиды…”. Ерке Есмаханның ағасы қарындасының құпиясын айтып қойды (фото)

288

Кейбір кезде маған келіп айтады: мен эстрадада жүрмін, әртүрлі киім киюіме болады, бірақ, көбінесе ұзын киемін деп. Енді шашын жаба алмай жүр, бірақ ол бөлек мәселе…

https://kaz.365info.kz/ol-da-tokhal-erke-esmahannyn-nege-kyjeuge-timej-zhyrgeni-belgili-boldy-foto-322682

Ол ашық-шашық киінбей-ақ, өнерде жүріп, танымал болып, халықтың махаббатына бөленуге болатынын дәлелдеп жүр”, — дейді Бауыржан Есмахан Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұқбатында.

Ол қарындасының өнерде жүргеніне қарсы еместігін, керісінше оған үнемі қолдау көрсететінін атап өтті.

“Әрине, қарсы емеспіз, оны қолдап отырамыз.

Әкем де, шешем де намаз оқитын қажы кісілер. Әрдайым батасын беріп, дұға жасап, тілеуін тілейді.

Менің әкем Ақтөбе қалалық қазақ тілі қоғамының төрағасы, яғни тіл саласында, мен өзім дінде, қарындасым – өнерде. Үшеуміз үш салада жүрміз”, — деп күлді наиб мүфти.

https://kaz.365info.kz/ayagy-auyr-erke-esmahan-maldiv-araldarynda-zhyr-video-299985

Сондай-ақ ол өнерде жүріп те, имандылықты ұмытпай, бес парызын орындап жүрген қыз-жігіттердің көп екенін тілге тиек етті.

“Мен енді қарындасыммен шектелмей-ақ қояйын. Өнерде жүріп, қажылыққа барып келген қыз-жігіттер қаншама?.. Мәселен, мен қаншама қыз баланы білемін, сыртынан қарасаң, орамалы жоқ, намаз оқиды деп те ойламайсың.

Ал негізі үңіліп қарасаң, жасырын мешітке кіріп, орамалын тағып, намазын оқып кетеді. Немесе үйіне барғанда, орамалын тағып, намаз оқиды.

Сондықтан сыртқы көрініс кейбір кезде алдамшы болуы да мүмкін”, —деді әншінің ағасы.

Бауыржан Есмахан қарындасының жаңа әндерін үнемі тыңдап, бейнебаяндарын қарап жүретінін жасырмады.

“Қарап отырамын. Кей кезде пікірімді айтамын, өзі де сұрап жатады арасында. Бірақ, көбіне шешетін өзі, бүге-шігесіне дейін араласпаймын. Жолдасым – ұстаз, кейбір кезде сол кісімен сырласады.

https://kaz.365info.kz/omir-degen-bumerang-eken-goj-erke-esmahannyn-astarly-akhikhaty-kimge-arnaldy-296249

Ән айтып, өнер адамы боп жүргенімен, өзінің бөлек имани ұстанымы да бар. Соны білгеннен кейін, біз көп үндемейміз.

Ол қазір менің әке-шешемнің қызы, менің қарындасым емес, халықтың Еркесі болып кетті ғой”, — деп түйіндеді ол.

https://kaz.365info.kz/korinip-khapty-alagozovanyn-khyzy-anasynyn-zhykti-suretterin-zhariyalap-zhiberdi-foto-324144

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз