Үржарлық тұрғын қазақ халқының аяулы қызы, танымал әнші Мәдина Ералиеваның дауысымен ән шырқайды. Орта жастағы әйелдің Мәдина Ералиеваның репертуарындағы “Қош бол, күрең күз” әнін орындаған бейнесі әлеуметтік желіде тарады.
Бұл туралы Today.kz хабарлады.
Мәдина Ералиева – 1954 жылы Қызылорда облысында туған. Танымал әнші әрі Қазақстанның Халық әртісі. Мәдина Ералиева орындаған “Қош бол, күрең күз”, “Есіңе мені алғайсың”, “Ақбаян” сынды көптеген әндері тыңдарман көңілінен өз орнын тапқан.