Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Тукамен сыйыспады ма? Жұлдызай неге жұмыссыз қалды?

189

Сөйтіп, актриса осыдан алты ай бұрын үлкендермен емес, кішкентай балалармен жұмыс жасауды шешіпті. Бастапқы кезде жәй ғана актерлікке баулитын студия болса, қазір театрға айналған.

Жұлдызай Дүйсенбиева, Актриса:

– «Студияны аштық,  мақсат не?  Қайда жібереміз балаларды? Не үшін оқытып жатырмыз?» деген сауалдар болды.Сол театр ойға келді,  біздікі бизнестен гөрі, басқа нәрсе болып кетті, өздерінен алған ақшаны өздеріне құйып жатырмыз.

Сахнада да елді қыран топан күлкіге көмкеріп жүретін актриса, мұғалім ретінде аса қатал екен. Оны балалар да жоққа шығармайды.

Жұлдызай Дүйсенбиева, Актриса:

– Тәртіп, тәртіп. Талантың асып тасып бара жатса да тәртібің болмаса керегің жоқ.

Ал, өнерде де, өмірде де жұптары жазылмаған әнші Ғани мен Бота Жүнісовтер болса, осыдан үш жыл бұрын өнер мектебін ашамыз деп тақырға бірақ отырыпты.

Есептерінен жаңылған Ғани мен Бота осыдан бірнеше жыл бұрын қосымша табыс табу үшін ашқан бизнестерін дөңгелете алмай аз уақыттың ішінде жабылып тыныпты.

Керісінше, Мирас пен Құралай Бекжановтар өнер мектебін кеңейтуді көздеп отыр. Қос әншіні түрлі аймақтан өздері іздеп келеді. Осылайша,адам саны артқан сайын  дәріс беретін бөлмелері де тарылып барады екен.

Мирас пен Құралай Бекжановтар:

– Талай балаларды білім беріп, оқытып, сахнаға шығарып, конкурстарға қатыстырып жатырмыз. Арасында сәбилі де болып жатырмыз құдайға шүкір дейміз.

Бүгінде Құралайдың он шақты оқушысы бар екен.

Құралай Бекжанова, Әнші:

– Енді балалар болғанан кейін бәрінде төрт жасар бастап келіп жатыр, оларды дарынды депте айта алмайсың. Оның бәрін үйретуіміз керек, жақсылап дамытумыз керек.

Соңғы уақытта өнер мектебін ашу сәнге айналғандай. Алғашында Қарақат Әбілдина Астана қаласында «Қарақат мектеп студиясын» ашқан болатын. Ондай мектепті кейін Қарақат бірнеше қалада ашып тастады.

Қарақат Әбілдина, Әнші:

– Көбі сұрайтын неге Алматыда ашпайсыз деп. Сондықтан осы қалада ашуды жөн көрдік.

Дәл сондай өнер студиясын әнші, актриса Айгүл Иманбаева, Индира Расылхан, Нұрлан Албан, Қайрат Нұртас ашты. Қайраттікі Қызылордада.

Бірі бәсекемен, бірі кәсіп ретінде, енді бірі өнерін паш ету үшін ашқан өнер мектебінің қаншалықты өнерге баулитыны уақыт еншісінде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз