Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Цой коронавирус бойынша жүргізілетін жаңа статистиканың артықшылығы туралы айтты

133
Сурет: Pxhere

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Коронавирус инфекциясын кодтау алгоритміне сәйкес, біз қазір расталған жағдайлар үшін U07.1 кодын және расталмаған немесе ықтимал жағдайлар үшін U07.2 кодын қолданамыз. Бұл дегеніміз, бірінші және екінші коды бар науқастар COVID-19 жұқтырғандар қатарына жатқызылады, —

деген министрдің сөзін inform.kz келтіреді—

Бірінші код анықтамасына қатысты бәрі  түсінікті. Ал U07.2 коды болған жағдайда  эпидемиологиялық белгілері бойынша, науқас жұқтырған адамдармен байланыста болған кезде коронавирус инфекциясы диагнозы қойылуы керек.

Сондай-ақ клиникалық белгілеріне де назар аударылады. Олар: қызба, құрғақ пароксизмальды жөтел, интоксикация, тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілері. Зерттеудің аспаптық әдістерінің нәтижелері: сатурация<93%; кеуде қуысы органдарының рентгенографиясындағы немесе компьютерлік томографиясындағы «күңгірт шыны» типі бойынша өкпе алаңдарының қараюы секілді COVID-пневмония белгілері ескеріледі.

Бұл тәсіл ауруға қатысты дұрыс болжам жасауға, қажетті ресурстарды: медициналық кадрларды, төсектерді, медициналық жабдықтарды, дәрілік заттарды барабар жоспарлауға, сондай-ақ статистиканың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз