Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Центр Офигительных Наук!”. Интернетте Үкімет пен ЦОН-ды келеке қылған видео тарап жатыр

Видеоролик Сағынтаевтың азаматтарға арналған корпорация құру туралы сөзінен басталады. Содан оның бұл сөзіне департамент басшысы Құсайынов 1-қаңтардан бастап ЦОН “Центр Офигительных Наук” (Ғажап ғылым орталығы) деп өзгертілетінін айтып, “жауап береді”. Сондай-ақ, роликте Mannequin Challenge флешмобы түсірілген.

https://www.youtube.com/watch?v=3Dksqf4MqBQ

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерде тарап жатқан видео монтаждалған. Олардың айтуынша, ведомствоның 10 жылдығына арнайы Mannequin Challenge флешмобы түсірілген видео қатты өзгертілген.

“Mannequin Challenge 2016 жылы түсірілген болатын. Бұл фильм көлемі жағынан өте үлкен, кәсіби түсірілген. Фильмнің ұзақтығы 17 минуттан аспайды. Біз онда қызметкерлеріміздің жұмыс уақытында өздерін қалай ұстамауы қажет екендігін көрсеткіміз келді. Барлығы да біздің алты күн таңғы сағат 8.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейтінімізді біледі. Ол оңай емес! Бұл кадрлардың біреулердің қолына қалай ғана түскенін білмеймін. Олар видеоны монтаждап, барлығын өзгертіп тастаған. Қазір біз осы мәселемен айналысып жатырмыз. Кейінірек құқық қорғау органдары мен заң аясында сол адамға қатысты жаза тағайындалады”, – деді Қарағанды облысындағы ХҚКО департаментіндегілер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз