Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Триатлон елімізде күн өткен сайын танымал болып келе жатыр – Кәрім Мәсімов

Біріншілікке Халықаралық триатлон одағы (ITU) рейтингіне кіретін әлемнің тек кәсіби спортшылары ғана қатысуда.

«Қазақстан Триатлон федерациясы атынан барлық қатысушыны, ұйымдастырушылар мен көрермендерді Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылуымен құттықтаймын. Ұзақ қашықтыққа арналған триатлон әлемде және біздің елімізде күн өткен сайын танымал болып келе жатыр. Кеше ғана мұнда Триатлон Паркте ITU (International Triathlon Union) ұйымының қамқорлығымен триатлоннан Азия Кубогының кезеңін тамашаладыңыздар», – деді Кәрім Мәсімов.

Қазақстан Триатлон федерациясы президентінің айтуынша, Ironman қолдауымен жарыстар өткізу арқылы ғана елімізде кезеңді одан әрі дамытуға және спортты насихаттауға болады.

«Таяуда ғана Астанада Ironman сериясының жарыстарын өткізу туралы WTC-мен (World Triathlon Corporation) ұзақмерзімді келісім жасалды. Бүгінгі жарысқа қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге келесі жылдың шілдесінде Ironman 70.3 Astana сайысы өтетін тасжолмен алғашқы болып жүріп өтуге тамаша мүмкіндік беріліп отыр. Барлығыңызға сәттілік тілеймін, шын мықты жеңіске жетсін!», – деп түйіндеді ол.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз