Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

“Трәпкі” боласың…”. Қыздығын берген қыз неге тұрмысқа шыққысы келмей қалғанын айтты

1128

Негізі Манат менің көңілімнен шығады. Жүргенімізге жарты жыл болды. Сымбатты, өте көрікті, барлық қыз қызығады оған. Ақыры оны тұсаулауды жөн көрдім. Болсам болайын деп шештім.

Бір күні ол мені “вечерге” шақырды. Думан біткен соң екеумізге көрпе жерге төселді. Ол қолын жүгірте бастады. Мен қарсылық білдірмедім. Ол қыз болғаныма қуанатын шығар деп ойлағам. Бірақ керісінше боп шықты. Түн ортасы. Екеуміз ыбыр-сыбыр:

– Неге айтпадың басында?
– Нені?
– Қызбын деп.
– Қыз болсам не бопты?
– Бүлдірдік қой мына араны, жүр жуынатын бөлмеге. Осылай деп ол мені ваннаға алып барды.

Қан тоқтамай тұр екен. Қараңғыда байқамаппын. Ол қатты қобалжыды. Біреуге звандады. Жуындырды, ақыры мәйкісін шешіп, астыма салып қойды. Оны уақ-уақ алып қарайды. Құдды баланың жайлылығын аңдыған секілді. Таң атты. Тарқастық. Көшеде келеміз. Арықтан аттайын деп едім, аттатпады. Баж ете түсті. Тағы қан кетеді дейді. Мен түк түсініп жүрген жоқпын. Бірінші түннен кейінгі сықпытымыз да, әңгімеміз де осындай болды.

https://kaz.365info.kz/khydalykhtagy-maskhara-toj-dep-baryp-khazadan-khajtkhandaj-boldykh-293292

Бұрынғыдай емес, көңілім суып қалды. Үйлену туралы сөз жоқ. Мен де сұрамадым.

«Қыз болдым, енді алмайсың ба» деп жабысатын шығар деп ойлаған болуы керек. Жыным келді. Жабысқым келмеді.

Басында қашқақтағандай болды. Артынан мен ештеңе деп бастырмалатпаған соң қайтадан жиі келе бастады.

Ойын түсіндім. Бірге тұрғысы келеді. Бірақ қарым-қатынасты заңдастырудан аулақ. Ішімнен “тегін қызды тапқан екенсің” дедім. Бірге тұруға көнбедім.

Сол кезде ол жартылай ашқан бетпердесін түбегейлі сыпырды, төтесінен кетіп, белден басты:

– Ей, сен неменеге өзінше боласың? Мендік болдың ба, болды ғой. Енді сені кім алады? Бара бер, ұстап тұрғаным жоқ, бірақ кім көрінгеннің “трәпкісі” боласың ғой. Өйтіп өміріңді қор қылғанша тұра берейік бірге. Неменеге қадіріңді қашырасың?

Ол сөйлегенде менде үн жоқ. Бірақ мен оған іштей тіл қатып, іштей өз-өзіммен сөйлеп жатамын. Бұл жолы да сөйттім. «Қадірді қашырып тұрған басқа емес, нақ өзің емес пе? Өйтіп саған қор болғанша біреулерге “трәпкі” боп кетейін. Бірақ армандайсың! Тұқыртып, төмендеткің келе ме, атаңның басы» дедім іштей.

https://kaz.365info.kz/ajelimnin-pak-bolmagany-zhanyma-batady-bir-zhigittin-zhazbasy-265223

– Неге үндемейсің, бірдеңе десеңші. Үнсіздік негізі келіскеннің белгісі. Ендеше ертең келем, киім-кешегіңді жинап қой, – деп ол шығып кетті.

Мен жалма-жан киім-кешегімді жинауға көштім. Сөйтіп тұрып жатқан жерімнен кетіп, мекенімді ауыстырдым. Жұмыстан да кетіп қалдым. Ол танитын Назымға бір тілім қағаз қалдырдым. Келсе бер дедім.

«Менікі балалық болыпты. Баланың ісі шала дейді ғой. Ренжіме, бірақ бір қателігім үшін өмір бойы өкінгім келмейді. Сен менің адамым емессің. Өкінішім жоқ…» деп жаздым хатқа қысқа-нұсқа. Шындығы осы еді негізі.

Алабұртқан сезім осылай бір бұрқ етті де сап тыйылды. Оны махаббат деуге әсте келмес. Арада біраз жыл өтті. Ортақ таныс – Назымды бір басқосуда кездестіріп қалдым.

– Ол ма, баяғыда үйленіп алған. Бір қызы бар. Бірақ ішкілікке әуес боп жүр, әйеліне жиі қол көтереді.
– Ойбай, ол сондай ма? Неге ұрады әйелін?
– Қыз болмадың деп сабайды екен…

https://kaz.365info.kz/b-lingen-t-gi-zho-p-ktik-zhasatu-30-my-te-ge-t-rady-246672

Мұны естігенде қатты күліп жібердім. Ішек-сілем қатты. Назымды жеңінен тартып:

«Қатыны қыз болмай қор болып жүр екен ғой, әйтпесе алақанына сап аялап жүрер ме еді? Оттаған оталақ екен, антұрған» дедім артынан ашуға жол беріп. Қыз болғанда да қадірлеген түрін көрдік қой оның.

Көрдіңіздер ме, мәселе қыздықта да емес, мәселе адамдықта. Қыздар, осыны дұрыс ұғынып алыңдар! Ал мен ол дүлейге тимегеніме қазір қуанам. Бұл қыз болмаңдар дегенім емес, менің қателігімді ешкімнің басына бермесін, бірақ жаман адам екенін сезсеңіз, кері шегінуге ешқашан кеш емес. Негізгі, айтпағым осы…

Жанар, Алматы облысы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз