Сейсенбі күні Сан-Францисконың федералды соты АҚШ президенті Дональд Трамптың “заңсыз мигранттарды ұстап отырған қаланың кейбір бағдарламаларына мемлекеттен қаржыландыру тоқтатылады” деген жарғысының күшін тоқтатып тастады.
Судья Уилльям Оррик шағымданушыларды қолдады. Өйткені президент жарлығы басқа да сот талқылауына Конституцияға қайшы деп танылуы мүмкін.
Бұл АҚШ президентінің еліндегі миграцияны реттеуге байланысты үшінші бұйрығы. Жеті мұсылман мемлекетке Америкаға кіруге уақытша тыйым салуды көздейтін алғашқы екі жарлықтың күші де сот тарапынан тоқтатылған.