Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

«Трамптың қолтығына кірді». Өзбекстан АҚШ-қа есігін айқара ашты

Ең жоғарғы деңгейдегі кездесу осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұдан біраз бұрын екі мемлекет басшылары Эр-Рияд пен Нью-Йоркте кездескен еді

https://kaz.365info.kz/ozbek-kimdi-tandajdy-akhsh-ty-ma-khytajdy-ma-315256

Жеке кездесуден кейін екі ел басшылары екі жақты әріптестіктің болашағын делегация құрамымен талқылады, деп хабарлайды Sputnik.

Трамптың жоспарлары

Негізгі назар сауда-экономикалық әріптестікті дамытуға аударылды, оның ішінде, өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларындағы ынтымақтастыққа.

Атап айтарлығы, екі ел арасындағы тауар айналымы қолда бар мүмкіндікке сай емес. 2017 жылы бұл көрсеткіш 210 млн доллардан сәл ғана асты. Өзбекстан мен АҚШ сауда-экономикалық ынтымақтастықты өсіру қажет деп санайды,  өйткені екі ел бұл бағытта бұдан да биік белестерді бағындыруға қабілетті деген сенімде.

Бұдан бөлек, Өзбекстан президенті америкалық көшбасшымен болған әңгіме барысында аймақтық қауіпсіздік пен адам құқығы қорғау жөніндегі өзекті мәселелерді кеңінен талқылады.

Трамп Ташкент жүзеге асырып жатқан қоғамдық-саяси реформаларға жоғары баға беріп, оларды жүзеге асыру бойынша қолдау көрсетіп, көмек беруге уәде берді.

Кездесу барысында аса өзектілікке ие болған мәселелердің бірі – терроризмге қарсы күрес. Трамп Өзбекстанға осы мәселе бойынша көрсетіп отырған қолдауы және аймақтағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырып отырған әрекеттері үшін алғыс айтты.

https://kaz.365info.kz/mirziyaev-meniki-tramp-putinnin-auzyna-khym-khyjdy-video-315133

Осы орайда, АҚШ Оталық Азиядағы Шавкат Мирзияев бастаған интеграциялық процесстерді қолдайды әрі Орталық Азиядағы көп тараптық форматтағы ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында Ауғанстанды тарта отырып,

аймақтағы елдермен «С5+1» форматындағы диалогты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Ол аз болса, Трамп Өзбекстанға өзінің Ауғанстандағы темір жол және инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыруға саяси және консультативтік көмек беруге дайын екенін білдірді.

Келіссөздер барысы

Өзбек басшысы, өз кезегінде,

Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізуге елеулі үлес қосатын Солтүстік бөлу жүйесіне болашақта да қолдау көрсетініне сенім білдірді.

Әскери әріптестік және адам құқықтары

Әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту шеңберінде

АҚШ пен Өзбекстан қорғаныс саласындағы әріптестікті нығайтуға бет алып, 5 жылға арналған әскери қызметтестік жоспарын жүзеге асыруға ниет білдірді.

Екі ел басшысы Өзбекстандағы адам құқықтары мәселесін де назардан тыс қалдырған жоқ. Трамп елдегі сот әділдігі саласындағы реформаларға, балалар еңбегін пайдалануды жоюға және адам құқықтарын қорғауға деген ұмтылыстарға жағымды баға беріп, қолдау көрсетті. Ал

Мирзияев діни нанымды қамтамасыз ету мақсатында жан-жақты «жол картасын» жүзеге асыруға ниет білдірді.

Сонымен қатар, Өзбекстан американдық компаниялар жұмыс істеу үшін шарттарды одан ары жайлыы әрі ашық етпек.  Қос басшы ауыл щаруашылығы, энергетика, химия, қаржы, туризм, тоқыма өнеркәсібі, денсаулық сақтау және цифрлық технологиялар салаларында олдан тары тығыз байланыста жұмыс істеу туралы келісімге келді.

https://kaz.365info.kz/nazarbaevkha-beripti-goj-mirziyaev-ayakh-astynan-akhsh-kha-bargaly-zhatyr-315025

Сапар барысында

Өзбекстан мен АҚШ компаниялары арасында жалпы құны 4,8 млрд доллард доллар шамасындағы 20-дан астам ірі келісімдерге қол қойылды.

Сондай-ақ Трамп Өзбексатанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіріуіне қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Бұған жауап ретінде өзбек көшбасшысы өндірушілердің авторлық құқықтарын қорғайтын Женева конвенциясын және Интернет саласындағы Бүкіл әлемдік зияткерлік меншік ұйымының Келісімдерін ратификациялауға уәде берді.

Суреттерді  түсірген Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз