Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Трамптың басына қара бұлт төнді

Конгресс бұл үндеуді БАҚ-тың Трамп және оның айналасындағылар президент кампаниясы кезінде Ресейдің жоғары лауазымды тұлғаларымен және барлау қызметімен байланыста болды деген жазбаларынан кейін жасап отыр. Бірақ әзірге ешқандай дәлел жоқ.

Ақ үй Трамп Флиннің Ресеймен байланысқанын білді, бірақ әңгіменің не жөнінде болғанын білмеді дейді.

Флинн Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Сергей Кислякпен соңғы санкциялар жөнінде телефон арқылы сөйлескені жария болмайынша, отставкаға кетпеді. Ол вице-президент Майк Пенске санкциялар жөнінде сөйлеспедім деп жалған айтқан.

Алайда Рейтер агенттігі хабарлағандай, телефон әңгімелерінің стенограммасында Флинн Кислякты Обама санкциясына қатты реакция болатынын ескерткен. Ол Ресей елшісін Трамп билікке келгеннен кейін, Америка-Ресей арасындағы жағдайды жақсарту үшін кең көлемде талқыға саламыз деп иландырған. Осыдан кейін Обаманың соңғы санкциясы жарияланғаннан соң, Ресей президенті Владимир Путин әдеттегіден тыс мінез танытып, бұған онша мән бермейтінін айтып, оның орнына Мәскеудегі АҚШ дипломаттарын Кремльге жаңажылдық кешке шақырған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз