Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Трамп Өзбекстанды террорлық елдер қатарына жатқызды

Трамп АҚШ-қа заң жолымен көшіп алып, “америкалықтарды өлтіргілері келген” бірқатар иммигранттарды мысалға келтірді. Атап айтқанда, ол Айдахо штатында тұрып, террорлық ұйымға көмектескен және жарылғыш заттар сақтағаны үшін 25 жылға сотталған өзбекстандық Фазлиддин Құрбановтың оқиғасын айтып берді. Трамп Бостонда теракт жасады деп айыпталған ағайынды Царнаевтарды мысалға алды.

Трамп АҚШ-қа кіргізгісі келмейтін елдер қатарында Өзбекстанды (жиналғандардан бұл елдің қайда орналасқанын сұрады), Сомалиды, Марокконы, Сирияны, Ауғанстанды, Филиппинді, Иракты, Пәкістан және Йеменді атады.

“Біз террористік елдердің тұрғындарын елімізге кіргіздік, бұған жол бермеу керек еді, өйткені оларды сендер тексере алмайсыңдар, – деді Трамп. – Олардың сенімді екенін дәлелдеу мүмкін емес. Олардың кім екендерін сендер білмейсіңдер. Олар үлкен троян аты болып шығуы мүмкін”.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз