АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикамен арадағы шекараға қорған орнатуға 5 млрд доллар бөлмесе, үкімет жұмысын тоқтатамын деп сес көрсетті.
АҚШ президентіне қарсылық көрсетіп жатқан конгрессмен-демократтар құрылысты қаржыландыруды тоқтатып тастаған. Олар тек 1,3 млрд доллар бөлеміз дейді.
Олар америка шекарасының қауіпсіздігін қолдай отырып, бірақ қомақты көлемде қаржы бөлуге қарсы болған. Егер Конгресстің екі палатасы да бюджетті қолдамаса, онда мемлекеттік ұйымдар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады.
Трамптың президент сайлауы алдындағы уәдесінің бірі – Мексикамен араға заңсыз миграцияны тоқтату үшін, алып қорған салу еді. Сәуір айында ол ұлттық гвардияға мигранттар ағымынан қорғауды бұйырған. Қазір шекараны екі мыңға жуық гвардияшылар қорғап тұр.
АҚШ президенті тамыз айында қорған құрылысына 3,5 млрд доллар бөлінгенін мәлімдеген. Ол құрылыс арқасында кейбір аудандарда мигранттар ағымы 90 пайызға азайғанын айтқан.