Президент Дональд Трамп Брюссельде 25 мамырда Солтүстік атлантикалық келісім Ұйымының мемлекет басшыларының кездесуіне қатысады. Бұл туралы Ақ үй мен НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг хабарлады.
Ақ үй таратқан ресми мәлімет бойынша, АҚШ президенті НАТО-дағы әріптестермен кездесуді асыға күтіп отыр. Мұнда ол Құрама Штаттың НАТО-ны толық қолдайтынын білдіріп, әскери блоктың терроризмге қарсы күресте атқаратын рөлін талқылайды.