Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Трамп кет!”. АҚШ-та халық көшеге шығып кетті

Сириялық босқындарды қабылдауды тоқтататын және Сирия, Ирак, Иран пен тағы да мұсылман төрт ел азаматтарына Құрама Штаттарға баруға рұқсат етілмейтін жарлыққа қол қойылғаннан кейін, әуежайларда жүздеген адам ұсталып, қайта депортацияланып жатыр. Бұған қарсы ең үлкен наразылық шарасы төменгі Манхэттендегі Батери-паркте өтті. Ол жерден Азаттықтың белгісін бейнелейтін ескерткіш пен мигранттарды қабылдайтын белгі Нью-Йорктік гавань көрініп тұрады.

Маршқа қатысушылардың саны 10 мың адамға жетті. Вашингтонда мыңдаған адам Ақ үйге қарама-қарсы Лафайетт алаңына жиналды. Олардың қолдарында “Жек көрушілікке, үрейге жол жоқ, босқындар қош келдіңдер!” деген жазулар бар.

Вашингтон соңғы аптадан бері наразылық алаңына айналды. Өткен сенбі күні мыңдаған әйелдер Трампқа қарсы митингке шықты. Жексенбі күні полицияның мәліметі бойынша, наразылыққа шыққандардың саны 8 мыңға жеткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз