Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Тракторшының махаббаты” — Түркістан облысында ерекше той кортежі жүріп өтті (видео)

481

Бұл идеяны жігіттің жары той болардан сәл ғана бұрын білген. Босаға аттаған келіншек үшін бұл кортеж тосын сый болыпты.

“Басында ескі көлікпен шығамын деген ойым бар еді. “Москвичтерді” іздестірдім, бірақ таппадым. Сөйтіп трактормен жүру туралы ойымды айтқанда елдер күле қарады. Олай болмайды ғой, деп қарсылық білдірген. Ондай нәрсе болмаған деген де болатын. Кейіннен бәрі мені қолдап тракторларын сәндеп, ауылды аралап, ауылдың балалары алдымыздан шығып, мәре-сәре болып жатты”, – дейді өз тойын ерекше үлгіде өткізген Дархан.

Дарханның өзі тракторист, МТЗ-80 маркалы тракторы бар. Ауылдағы барша тракторшылар Дарханның бұл идеясын қолдай кетіп, жастардың тойына өздерінің де үлестерін қосуға атсалысыпты. Олар да өз тракторларын сәндеп, кортеж қатарына қосылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз