Бұл көлік – бестселлер. Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша ең жақсы сатылатын модельдердің бірі.
Бірнеше сағат бұрын Детройтте Camry көлігінің 2018 жылғы моделі жалпақ әлемге таныстырылды. Осы жазда Камрилер алдымен АҚШ-та сатыла бастайды.
Кемінде жарты жылдан кейін Қазақстанға да жетуі мүмкін.
Орташа көлемді седан сегментіне жататын Камридің алтыншы буыны – спорттық стильге сай жасалған екен. Бірақ сырты ғана «спорттық», әзірге Камрилердің ешбіріне турбомотор орнату жоспарланбаған.
АҚШ-та Камри соңғы 15 жылдан бері ең көп сатылатын седан атағын иеленіп келеді.
Жаңа Camry 60 халыққа үш түрлі көлемдегі қозғалтқышпен ұсынылады: 2.5, 3.5 және гибридтік нұсқадағы 2.5. Бұл қозғалтқыштардың қуаты, жанармай үнемділігі сияқты параметрлері әлі жария етілмеді.