Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Төсекке таңып қойған…”. Мүгедек баланы азаптап өлтірген тәрбиеші не дейді? (видео)

223

https://kaz.365info.kz/zhayalykhpen-buyndyrgan-talgardagy-naukhas-balany-kytushisi-oltirgenin-mojyndady-308513

 

Мүгедек балалар жатақханасындағы жантүршігерлік оқиғаның жай-жапсары белгілі болды.

Сот сараптамасы жарымжан баланың жүрек ауруынан емес, қылқындырылып өлтірілгені анықтаған бойда тәрбиеші шындығын мойындаған.

Мына тергеу мәліметтерінде жазылғандай, 30 жастағы келіншек жылап қоймаған жеткіншекті жаялықпен мойнынан бұрап төсектің иін теміріне таңып қойыпты. Артынша баланың өз шұлығымен белін де төсекке тас түйін байлағанын айтқан. Бала екі сағат бойы солай жатыпты. Тек еріндері көгере бастағанда бір-ақ шешіп алған.

https://kaz.365info.kz/ozbek-khyzga-yjlenipti-khazakh-zhigitterin-dualap-tastagan-ba-308647

Осылай баланы тыныштандырмақ болдым деген күтушінің туыстары енді кешірім сұрап қайта-қайта қара жамылған отбасының мазасын алып жатыр екен.

«Менің сіңіліме кешірім туралы айтып хабарласыпты. Бірақ мен кешірім бере алмаймын! Жазасын тартсын, қарағым!»,-дейді Мұхамеджанның нағашы апасы Кеңескүл Әділова.

«Өзі қолдан өлтіріп отыр ғой буындырып! Құдай жазасын берсін! Оның үш емес, он баласы болса да мен оларды кешірмеймін!»,-деді Мұхамеджанның анасы Зарина Құттықожаева.

Ал жантүршігерлік бала өлімі болған Талғардағы мүгедек балалар интернатының басшылығы болса енді сөзге келе бастады. Айтуларынша, сол түні балалардың түн ұйқысын бір емес, бақандай 10 маман қорғап отырған екен. Яғни, балалар бақылаусыз қалмаған. Бірақ, неге екені белгісіз бастапқыда сұхбат беруге дайынмын деп тілшілерді шақыртқан директор орта жолда ойынан айнып қалып, камераға орынбасарын тықпалады.

https://kaz.365info.kz/8-akh-zhasta-almaty-oblysynda-internat-tarbieshisi-naukhas-balany-khinap-oltirgen-308357

«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді демекші, бір осындай салғырттық іс әрекетінен бүкіл мекеме қызметкерлеріне, жалпы мекеме атына үлкен сын боп тұр.

Тәрбиешілердің бәрі алды  20 жыл, соңы  7 жыл еңбек еткен кісілердің еңбегін жоққа шығаруға болмайды әрине. Дегенмен, жұмыс тәртібі бұдан да күшейтілді»,- дейді «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Жарқын Нұрланұлы.

Яғни, бұдай былай әрбір баланың бөлмесінен бір бірден бейнебақылау камерасы орнатылатын болыпты. Қазір аталған іс бойынша тергеу әлі де жалғасып жатыр.

https://www.youtube.com/watch?v=GYLS4Codmqo

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз