Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
489
-3.25
EUR
530
-2.09
RUB
5.04
-0.03

Төрт баланың анасы балконнан секіріп кетті

104

Ақтөбеде 5 қыркүйек күні  8-март көшесінің тұрғыны үшінші қабатта орналасқан пәтердің балконынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған. Алайда, 4 баланың анасы бұл райынан қайтқанымен, балконда жіпке ілініп қалады.

Абырой болғанда, сол маңайда жүрген полиция қызметкерлері әйелді дер кезінде құтқарып қалған. Оның мұндай әрекетке баруына жеңгетайлық қызмет көрсетіп жүрген Галя есімді әйел итермелеген. Ол сол күні 4 баланың анасын көгала етіп сабап тастапты. 2017 жылдың 22 наурызында Айша жеңгетайдан аяусыз таяқ жегені үшін полицияға хабар берген. Алайда, Галядан қорыққанынан, оның үстіне арыз жазбапты. Жезөкшелікпен 10 жыл бойы күрес жүрген полицияның қоғамдық көмекшісі Сәнімжан Шұғайпованың айтуынша, 46 жастағы Галя жеңгетайлықпен 1998 жылдан бері айналысып келеді екен.

«Менің білуміше, Галяның қарамағында 8 жезөкше жұмыс істейді. Оларды баратын үш саунаға ары-бері өзі тасиды. Бірақ сауна өзінікі емес, өздерінің сол жерде шоғырланған тобы бар. Ал вокзал маңайында жұмыс істейтін 10 және 15 жезөкшесі бар», – дейді полицияның қоғамдық көмекшісі.

Айшаның жағдайын естіген бойда Сәнімжан Ақтөбе облыстық ІІД-нің басшысы, генерал-майор Махамбет Әбісатовты өзі хабардар еткен. Ол бұл істі өз құзырына алыпты.

«Айша ендігіде балалары үшін қорықпайды. Бұл істің аяғына дейін баруды қолға алған. Мен Әбісатов пен оның орынбасарларына сенемін», – дейді Сәнімжан Шұғайпова.

Дереккөз: sn.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз