Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Төреғали Төреәлінің әйелі архивтегі суреттерімен бөлісті

1189

Толқын өмірі жайлы көпшілікпен аса бөліспейді, тіпті instagram парақшасына кіруге шектеу қойып қойған. Ол ешкімнің өмірін қадағаламайды, бірақ оны 30 мыңға жуық интернет-пайдаланушылар оқиды.

Толқынның барлық жазбалары негізінен жұбайына және оның отбасына арналған. Мырзакимова блог жүргізбейді және өз жазылушыларын пікірталасқа шақырмайды.

«Менің махаббатым, менің жаным, менің Төрешім және сіздердің сүйікті әншілеріңіз” — деп жазады Толқын.

Жұбайы Қазақстан қалаларында гастрольде жүргенде әншінің жары салт-дәстүрлермен ата-есесіне қызмет етіп, балалардың тәрбиесімен айналысады.

Толқынның жоғары білімі болса да, ол ешқайда жұмыс істемейді. Студент кезінде музыкамен әуестенген, бірақ тұрмысқа шыққаннан кейін оны тастаған.

Төреғали Төреәлі әйелінің қолы алтын екенін бірнеше рет айтқан болатын. Толқын үйді жайлы еткенді ұнатады және өз қолымен жасаған түрлі тәттілермен қуантып тұрады.

Жас болғанына қарамастан, Толқын қымбат әшекейлер мен жарқын киімдерге қызықпайды. Ол тек қазақстандық дизайнерлердің киімін кигенді жөн көреді және орамалсыз көпшілік алдына шықпайды. Атап айтқанда, толқынның сүйікті аксессуары — тюрбан.

Жұп 2014 жылы некеге тұрған, бірақ Төреғали мен Толқын үйлену тойларын екінші қызы дүниеге келгеннен кейін, 2017 жылдың соңында жасады. Ал 9 айдан кейін үшінші қызы дүниеге келді.

Естеріңізге сала кетейік, Төреғали Төреәлі Толқынға мәжбүрлі түрде үйленгенін мойындаған болатын. Орындаушының айтуынша, ол ерте отбасын құруды жоспарламаған, бірақ анасы ұлына «Тек Толқынға үйленесің» деп ультиматум қойған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз