Әнші Төреғали Төреәлі Астанаға алғаш келген күнін есіне алып, балалық шағын есіне алып, ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескенін айтып берді.
«Ұлы дала баласының» айтуынша, ол Назарбаевпен кездескен кезде алғаш рет Астанаға Наурыз мейрамын тойлауға барған.
«6-сынып оқып жүргенде әкеммен еріп, Астанаға бірінші рет келдім. Ол кезде Наурыз тойы тойланып жатыр. Экс президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Тірідей бірінші рет көрген едім. «Думан» қонақ үйіне тоқтағанымызды білемін. Одан кейін студент кезімізде айтыстарға қатысып, келіп тұрдық. Халықаралық деңгейдегі айтыстың бәрі осы қалада ұйымдастырылатын. Жүрсін ағамыз сол жарыстарға да мені қатыстырды. Талай жүлдені иелендік. Астанаға келгенде ылғи алғаш рет келген күнім есіме түседі. Бүгін де әкеміз екеуміз бір жақсы ағамыздың қуанышына келіп қалдық», – деп айтты әнші.