Продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек Қазнетте талқыланып жатқан екі мәселе – Төреғали Төреәлінің концертіндегі дауы мен түнгі клубта бұзақылық жасап, қамалған Айжан Байзақоваға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
“Байзақованы қамады,
Төреғали ішіп алып, қуды… бәрі жақсы ғой
тек маған біздің елде 50 000 теңгеге шешінетін бикештерге немесе өз тыңдармандарын құрметтемейтін әншіден басқа маңызды проблемалар бар, жоқ па? (…) Байзақова олардың әкесі ме еді? Әлде шешесі ме еді? Өз балаларыңызды жақсы тәрбиелеп алыңыздар, сонда жақсы болып өседі”, – деп жазды Айсәуле Бақытбек Instagram желісіндегі парақшасында.
“Байзақованың емес, басқа біреудің жамбасында кімнің қандай шаруасы бар?
Әнші тыңдарманымен жанжалдасып қалыпты, әндерін радиодан алып тастады, кешірім сұрады, енді не талқылау керек?
Тұжырым жасаңыздар да өте беріңіздер. Дүниені төңкерудің қажеті не? Оған тіпті өлең арнау дегенің “колхоз”. (…) Барлығымыз қателесеміз, шалыс басса артына түсіп, халық болып екі адамды елден қуамыз ба?”, – дейді ол.