Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

«Толықпын, күйеуім жатпайды. Төсексіз қанша шыдауым керек?»

891

Міне бір жылдан асты.

Екеуміз ерлі-зайыптылар емес, ағалы-қарындасқа айналдық.

Балаларымыздың қылықтарын бірге тамашалап, бірге тұрғанымызбен төсек қатынасы жоқ. Күйеуім ләм-мим демейді. Мен де сөз қозғауға батпаймын. Бір рет “Не болды саған? Соншалықты жиіркеніштімін бе? Менімен неге жатпайсың? Мен не істеуім керек?”,- деп көзіме ерік бердім. Ал ол: “Шыда” дегеннен басқа сөз айтпады.

Шыдап жүрмін, білмеймін. Басқа біреуді тауып алған шығар әлдеқашан деген ой жегідей жейді. Балалары үшін ажыраспайтын болар менімен. Немесе менің арықтағанымды күтіп жүр ме? Осы сауалдардан миым ашып кетті.

Мен күйеуіммен бірге жатып, бірге тұрған бұрынғы күндерді сағынамын. Жарым көңіліме сол естеліктерді талғажу етіп жүрмін.

Бұрын түніне екі немесе үш рет жақындасатын едік.

Соңғы айларда маған түрлі түстер кіріп жүр, небір еркектермен жақындасып жатып, оянып кетемін.

Қазір де әрине еркекпен жақындасқым келеді. Жасым небәрі 27-де. Не істесем болады?

Осылай шыдап жүре берейін бе?

Үйде отырғасын сериалдар көріп, ғаламторды ашып, жаңалық оқығаннан басқа ермегім жоқ. Жалпы, медицина бойынша әйелдерге ұзақ уақыт еркексіз болмайды дегенді оқыдым. Аптасына кем дегенде екі рет төсек ләззәтін алу қажет екен. Жыныстық қатынастың жоқтығынан әйелдердің жүйкесі тозып, мінезі өзгереді, тітіркенгіш болып кетеді екен. Жыныстық қатынастың жоқтығы әйелдің тіпті бет-әлпетіне кері әсерін де тигізеді депті мамандар. Яғни, әйелдің тез қартаятыны жазылған. Тіпті жыныстық қанағаттанбаушылық салдарынан әйелдің бойындағы бұғып жатқан сырқаттары қозып, жыныс мүшелерінің ісігіне дейін пайда болуы мүмкін дегенді естіп бойымды үрей билеп жүр.

Күйеуіме ондай нәрселерді қалай айтамын?

Мүмкін, ол білетін де шығар, бірақ оған бәрібір сияқты.

Мұндайларды оқыған соң көз қырын салған кез-келген еркекке кетіп қалғың келеді.

Бірақ, күйеуім бола тұра қалай анайы қылыққа барамын? Маған не істеу керек енді? Кеңес беріңіздерші?

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз