Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Токиода кездесейік: Седов Ильинді күш сынасуға шақырды

«11 маусым 2016 жыл. Мен Владимир Седов, 2009 жылғы әлем чемпионы, екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильинге шақырту тастаймын. Екеуміз 2020 жылы Токио олимпиадасында 94 келіде кім мықтыны анықтайық. Егер дүйсенбіге дейін жауап бермесең, мен сені қорқақ деп санаймын» делінеді Седовтың Инстаграмдағы жеке парақшасында.

Седов өз парақшасында Алексей Ниді де айыптап «олимпиадалық құрамаға енгізбей қойғанын» да айтқан.

– Мен Пекин олимпиадасында 85 келіде емес 94 келіде баруым керек болған. Бірақ құрама бапкері 94 келі бойынша сынаққа Илья Ильинді тағайындады. Ал мен салмақ қуалап, 85 келіде баруға мәжбүр болдым, – дейді ол өз жазбасында.

Седов Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті төрағасы Тимур Құлыбаевтан Рио олимпиадасына қатысуға рұқсат беруді өтінген.

Кейін Седов Талдықорғандағы қылығы үшін халықтан кешірім сұрады. Ел чемпионатында алғашқы мүмкіндігін орындауға шыққан Седов «Мә, сендерге нағыз Олимпиада чемпионы!» деп, үстіндегі Ивановтың суреті бар жейдесін көрермендер жаққа лақтырды. Осыдан кейін ол зілтемірге жақындамай, сыртқа шығып кетті. Осылайша, Седов жарысқа қатысудан бас тартты. Кейін Алексей Ни Седов олимпиадаға бармайтынын хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз