Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

“Тоқтар ондай емес”. Қазақтың қыздары жігітке бергісіз – Исрайыл Сапарбай

167

– Кешегі Желтоқсанда алаңға жиналған 20-25 мың жастың 3/2-сі қазақтың қыздары болды. Оны неге ұмытамыз?..

Бірінші күні сол кезде „Мен қазақтың қыздарына қайран қалам„ деп мақала жазғам. Кейін сол өлеңге пародия жазғандар табылды.

Не себепті?.. Осылай сұрасам,

„Сіздің айтқаныңыз айтқан, бірақ қазіргі қазақтың қыздары Сіз айтқандай емес қой„ – дейді.

Ал оған жеткізген не нәрсе? Оған бас ауыртып жатқан ешкім жоқ. Мұсылман елдері ішінде масқарамыз шыққан. Қазақ қызын сатып жатырмыз…

Кезінде Тасмағамбетовке үш мәселені көтеріп, арнайы хат жазғам. Соның бір мәселесі қазақ жастары еді.

https://kaz.365info.kz/tokhtar-serikov-khytajga-tek-zhezokshe-khyzdar-tiedi-254793

Қазақ жастары бір-бірін біліп-тануы үшін мына Алматының төрт бұрышынан жастар қалашығын салайық дедім. Жұмыс істейтін қыз-жігіттерге арналсын дедім. Сонда олар бір-бірін тез тауып, тез тіл табысады. Қазір осы жоқ.

Сүрбойдақ көп дейміз, кәрі қыз статистикасы деп дабыл қағамыз. Енді осыларды қоспаймыз ба? Оны ойлап жүрген ешкім жоқ. Сондықтан әркім өз мүмкіндігіне қарай қаракет қылады да, – дейді ақын.

Ал шетелдікке тиген қазақ қыздарын „жезөкше деп қабылдаймын„ деген әнші Тоқтар Серіковті ақын жақсы танитын болып шықты.

https://kaz.365info.kz/saniya-zhymasheva-tokhtar-serikov-men-zhezokshe-emespin-255574

– Тоқтарды да, Бейбітті де жақсы танимын ғой. Жақсы ұрпақ өсіріп жатқан, өнегелі отбасын құрған азамат. Сондықтан оның шетелдікке тиген қазақ қызын жезөкшеге телуі мүмкін емес. Ол ондай емес. Керісінше, оның дұрыс сөзін бұрысқа айналдырып жібергендер болуы ықтимал. Оған енді сенемін. Сондай тасадағы адамдар болуы мүмкін.

Әйтпесе, қазақ қызы бір басқа, жезөкше деген бір басқа.

Ал қазақ қыздарын шетелдіктермен табыстырғысы келетін агенттіктердің жолын жабу керек, оны мен қолдаймын, бұл дұрыс емес нәрсе, – деді Исрайыл Сапарбай.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз