Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Тоқал болуға көнемін”. Айгүл Иманбаева ағынан жарылды

466

Әлде біреумен құшақтасып тұрған суретіне Иманбаева былай деп жауап қатты:

“Сөздің шынына келетін болсақ, балам 20-ға келіп қалды. Қазір үйленейін деп тұрған бала жоқ. Оқуда, шетелде. Енді өзімнің жағдайыма келсек,

жүрегімде бір адамның бар екені рас қой.

Өнерде жүрген әншілердің жұбайлары үйде отырып, жарының ығына жығылып, оның ыстық -суығына көніп, гастрольдік сапарларына төзуде. Оның бәрін жұту, көтеру деген жүйкені талап етеді. Тура осы сынды біздің қасымызда болатын ер адам осының бәріне шыдау керек. Өзін -өзі тапқан қыздарға бұған көне қою өте қиындау. Сондықтан бір құдайдың бұйырғаны болады. Егер сондай қуанышты жаңалық болып жатса, міндетті түрде сүйінші сұраймын!”,-дейді әнші.

– Ал, жігіт гастрөліңізге көнсе, сіз тоқалдыққа көнер ма едіңіз?

“Тағдыр деген нәрсе бар. Біреуге ақыл айтудан аулақпын. Маңдайыңа не жазылып тұрғанын  білмейсің. Қазір 20-30 жыл отбасын құрып, балалы-шағалы, немерелі болып, отбасылары ажырап кеткен жағдайлар орын алуда. Болмаса қаншама халықтың алдында жүріп те небір шаңырақтың шырқы бұзылуда. Ал тоқал, екінші әйел деген тақырып біздің қоғамдағы өте өзекті мәселе. Егер ол біреудің отбасын бұзып, бала-шағасы, әйелінің назы мен көз жасына қалып, алып кетер болса оған қарсымын. Ол нәрсені тіпті қаламас та едім. Өйткені қарғыс, көз жас, нала бар. Онымен адам бақытты бола алмайды.  Сыртта екі қатыным бар деп әйелінен тығылып еркек болғанша, ашып айтып келісімін алып алсын.  Кейде мұндай тағдыр маңдайыңа жазылған болып, ол ер азамат дәстүрлі исламның жолымен отбасына ашық айтып,

бірінші әйелінің рұқсатымен екінші жарды алып, ол екеуін тең көріп жатса, неге біздің қазіргі демографияны көбейтпеске?!

Бірақ әттеген -ай қазіргі еркектің де, әйелдің де оған ішкі күші жете алмайды. Бәрі тығылып екінші болып сыртта ұстайды. Біреудің күйеуін өзімнің күйеуім деп айта да алмайсың. Сол себепті мен ойлаймын бәрі ашық -жарқын болып, некесі қиылып жатса таңғалудың қажеті жоқ деп”, деп жауап қатты Иманбаева.

Тақырып VK-дағы «Атамның басы-ай» тобында қызу талқылануда

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз