Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай бойынша мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді.
— 15 сәуір күні менің төтенше жағдайды енгізу туралы жарлығымның мерзімі аяқталады. Қазірдің өзінде төтенше жағдай режимін ең аз дегенде сәуірдің соңына дейін ұзарту қажет екені түсінікті болды. Біз әлі коронавирус ауруының шарықтау шегінен өткен жоқпыз. Эпидемияға қатысты жағдайды жеңілдетіге болмайды.
Осы себепті де карантин режимін ел астанасында, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің соңына дейін ұзартуды тапсырамын
Бұның барлығы кұткен шешім емес екенін білемін, адамдар көшеге шығып, қалыпты, күнделікті өмір салтына оралғысы келеді. Бірақ карантин режимін сақтап, оқшауланудан басқа жол жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы, — деді Тоқаев.
Бұған дейін ТЖ режимі 15 сәуірге дейін жарияланған болатын. Нұр-Сұлтан мен Алматыда 28 наурыздан бастап қатаң карантиндік шаралар енгізілді.