Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа “Халық Қаһарманы” атағын берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін, 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болды. Ант беру рәсімі Мәжіліс ғимаратында Қазақстан Парламенті палаталарының жалпы отырысы барысында өтіп жатыр.
“Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін”, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.