Қазақстан Президенті Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады.
Министрдің айтуынша, бұқаралық спортты дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру бойынша бастамалар іске асырылуда. Қазіргі уақытта олардың жергілікті жерлердегі жалақысы 35%-ға өсті, ал республикалық деңгейде өсім 50%-ды құрады. Сонымен қатар, президентке пандемия кезінде ведомство өткізген онлайн-іс-шаралар туралы ақпарат ұсынылды.
Райымқұлова Мемлекет басшысына қазақстандық спортшылардың алдағы Олимпиада ойындарына дайындық барысы, жаңа туризм және қонақжайлылық университетінің ашылуы туралы хабарлады.
Кездесу соңында Тоқаев Жолдаудың басым бағыттарын тиісті деңгейде іске асыру, оның ішінде бұқаралық спортты қолдау мен танымалдығын арттыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді. Президент қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруде ғалымдармен жан-жақты талқылау жүргізіп, асықпай жүзеге асырылуы керек екенін атап өтті.