Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Тоқаев Атырауда қандай мәселелерге ден қойды

249

Іссапар кезіндемемлекет басшысы «Болашақ» мұнай және газ өңдеу зауытына, «АРЕС PetroTechnic жоғары колледжіне» барды. Сондай-ақ,  өңір жұртшылығымен кездесті.

Атыраудағы іссапар кезінде президент бірқатар мәселелерді айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

“Біліктілік деңгейі тең шетелдік және жергілікті жұмысшыларға бірдей жалақы төлеу мәселесін бақылауға алу керек.

Бірдей жұмысқа әртүрлі жалақы төлеуге жол беруге болмайды”.

“Жергілікті өнім өндірушілер үшін тең құқылы жағдай жасау. Қазір салық және басқа да бюджеттік төлемдер бойынша тек шетелдік жеткізушілерге жеңілдік бар. Соның кесірінен, біздің кәсіпкерлер байқауға қатысуға әрекет те жасамайды, себебі, одан еш пайда жоқ екенін біледі”.

“Каспийдегі бекіре тұқымдас балықтар жыл өткен сайын азайып барады.

2012 жылы біз бекіре балықтарын аулауға толық тыйым салдық, соған қарамай бекіре 2 есе, шоқыр 7 есе азайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдік бұл мәселеге баса назар аударып, Атыраудағы балық шаруашылығын қайта жаңғыртуы тиіс”.

“Облыста жемқорлыққа қарсы күрес саясатын күшейту керек. Жемқорлықты жою барлық деңгейдегі әкімдер жұмысының негізгі көрсеткіші болады”.

“Атырау экологиясы тек облыстың ішкі мәселесі емес, оны шешуге барлығымыз бір кісідей жұмылуымыз керек. Бұл – менің негізгі қағидамның бірі. Каспийдегі технологиялық қауіпсіздік жай ғана әлемдік деңгейде емес, әлемдегі ең үздік деңгейде болуы шарт”.

Нағыз сапалы жол қандай болуы керек?

“Ең алдымен, сол жолды пайдаланатын тұрғындарды діттеген жеріне тез, жылдам апаратын қауіпсіз жол болуы тиіс. Жөнделген жолдың саны емес, сапасы маңызды!”

“Жайық пен Қиғаш өзендерінің суы тартылып барады. Жайықтың су ресурстарын сақтау, қорғау және қалпына үшін Ресеймен ынтымақтастықты нығайта түсу қажет. Мен бұл жұмысқа өзім кірісемін”.

“Отандық жұмыс берушілердің 70 пайызы колледж түлектерінің біліміне көңіл көңілі толмайды. Ал шетелдік компаниялардың жұмысшыларға қоятын талаптары жоғары.

Сондықтан өңірде мұнай-газ саласы үшін біліктілігі жоғары жергілікті мамандарды даярлауды қолға алу керек.

Оның бір амалы – қазіргі колледждердің базасында біліктілік орталықтарын құру”.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз