БҚО полиция департаменті мал ұрлығының 6 дерегіне қатысы бар деген күдікке ілінген төрт адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады.
Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілердің жалпы құны 86 млн теңгеден асатын 148 жылқыны ұрлау дерегіне қатысы бар екенін анықтады. Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мал ұрлағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.