Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады.
Сонымен қатар министр азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне тоқталып, аталған бағыт бойынша алға қойылған міндеттерді орындаудың нақты жоспарлары туралы мәлімет берді.
Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алынған жұмыстарды жалғастыра беруді атап өтіп, министрлікке бірқатар міндет пен тапсырма жүктеді.