Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

“Тойға ақша тапқым келді”. Кореяда босанып қалған қазақ қызы өткенін жылап еске алды

136

Телеарна Айгүл деп таныстырған келіншек некеде жоқ екен. Сондықтан оны айы-күні жақындағанда Кореяда ешқандай аурухана қабыл алмаған. Ол жұмыс берушісі ұсынған жатақхананың бір бөлмесінде шақалақты өзі дүниеге әкеліп, босанған. Одан кейін де нәрестені дәрігерге қарату мүмкін болмаған, себебі некесіз туған бала құжаттан ада ғой.

Қалай дегенмен де бұл жағдай заңсыз болса да аяғы ауыр келіншекті жұмысқа алушы қайырымды жан мен сол жақтағы Қазақстан елшілігінің көмегімен біржақты етуге мүмкін болыпты.

Кореяда заңсыз жұмыс істеген жерлесіміз сұқбат кезінде есімі мен туған өңірін жариялаудан бас тартқан. Оның себебі түсінікті де.

Құрсағында 6 айлық баласы бар Айгүл Кореяға қыркүйек айында келіпті.

Айгүл:

– Баланың әкесінен келісім алғанмын. Мен 2-3 ай жұмыс істеп, қайта оралғанда үйленеміз дегенбіз. Бірақ мен Кореяға баратынымды оған айтпадым. Астанада жұмыс істейміз дедік. Оны білсе жібермейді ғой. Босанғаннан кейін, хабарласып басымнан өткен жағдайды айттым. 27-не қайтамыз дегенбіз ғой. Билетті алып қойдық. Аэропортқа барып едік, ол елшілікке жіберді. Өйткені баланың құжаты жоқ.

Әрине, қысқа уақытта өкіртіп ақша таба қоямын деген келіншектің келте ойы жүзеге аспаған.

Айгүлдің әр күні сақшылардан жасырынумен өтіп, тұратын жері мен жұмысын бірнеше рет өзгертеді. Соңғы жұмыс орны кір жуу қызметінде жүріп, дүниеге нәресте әкеледі.

Жұмыс беруші сұхбат беруден бас тартты. Өйткені, жергілікті полиция оның заңсыз мигранттарды еңбекке тартқанын білсе, жауапқа алады. Ал біздің азамат оның қол астында кір жуу қызметінде жұмыс істеген. Ғимараттың бірінші қабатында еңбек еткен, ал екінші қабатында орналасқан жатақханада тұрып, дәл сол жерде босанған.

Дәрігерлер өздері босандырмағандықтан, Айгүлді қарамақ түгілі, сәбидің анасы екенін дәлелдейтін қолына құжат бермейді. Дегенмен Қазақстан консулы Айгүлдің өзі босанғанына куә болған азаматтарды тауып, олқылықты түзетті.

Осылайша нәрестеге Қазақстанның төлқұжаты берілді. Жерлесіміздің оралуына қайырымды жандардың көмегі көп тиді. Олар Айгүлге ұшақ билетін алып беріп, Кореяда заңсыз болғаны үшін шамамен 750 доллар айыппұл төлеген. Ал жұмыс беруші нәрестені дәрігерлерге тексерту үшін 2000 доллардай шығынды өз мойнына алыпты. Енді Айгүлдің ойы – баласымен Отанына оралып, тұрмысқа шығу.

Бұған жігіті не дер екен? Алдап жыраққа кетіп, өзінің де, іштегі баласының да басын қатерге тіккен оны кешіре ала ма?.. Ол жағы әзірге, беймәлім…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз