Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Тойға ең көп шығатын жұлдыздардың тізімі жарияланды

595

Ерлан Құлшынбаев:

1) Бүркіт пен Аиша, Серікбол Сайлаубек, Абай Бегей, Сейфуллин Жолбарыс, Айгерім Қалаубаева, «Меломен» тобы, Нұрлан Еспанов, Нұржан Қалжан, Алтынбек Тәшімбетов. Олардың әні халыққа ұнайды. Қазір экранға көп шыққан әнші емес, әні көп таралған, ұнайтын әншілерді көп шақырады.

2) Әр әншінің өз тыңдарманы болады деп ойлаймын. Нақты мынау аз шығады деп айта алмаймын. Тойды айтылатын әні аз әнші аз шығатын шығар мүмкін…

3) Танымал емес десем ол кісі ренжіп қалар, аты-жөнін айтпай-ақ қояйын. Мен ол кісіні телеарнадан емес, тойдан таныдым. Туған өлкесі жайында керемет бір әні бар. Ол әншісіз ол аймақта ешқандай той өтпейді.

4) Әнші болғаннан соң, тойға шықпауы мүмкін емес деп ойлаймын. Мәселен, Сайлаубек те тойға шығып жатыр. Оның да өзінің тыңдарманы бар шығар. Әйтпесе, «Кэмэне бек»-ке билейтін ән емес қой. Өзінше сыртта Сайлаубекті мазақ қылып, тойға келіп қалса артынан жүгіріп, суретке түсіп жататын азаматтарды да көріп, жаным ашиды, қаным қараяды. Айттың ба жамандап, соңына дейін  жамандау керек еді. Әйтпесе, жамандама мүлде. Жоқ, маскасын шешіп, фотоға түсіп жатады… Әр әншінің өз орны бар. Мынау әнші шықпайды, мынау шыға алмайды деп айта алмаймын.

screenshot_9-1

Шыңғыс ТІЛЕУ:

1)Танымал жұлдыздардан Абай Бегей, Асхат Тарғын, Мақпал Жүнісова,Нұрлан Еспанов,Мело мен т.б. Өйткені Əндері хитқа айналған. Халықтың сүйікті əншілері,сосын сұранысқа ие.

2) Кім тойға аз шығатын білмеймін. Халықтың таңдауы бойынша ғой бəрі. Нақты себебін білмеймін. Əндері хит емес шығар.

3) Эстрадада жүрген танымал емес өнер адамдары өте көпқой. Кейбірінің дауыстары əдемі болады, әндері жақсы болады.

4) Тойға мүлде шықпайтын эстрада жұлдыздары жоқ деп ойлаймын.

Нұржан Аташ:

1) Тойда ең жиі кездестіретін әншілер – Абай Бегей, Асхат Тарғын, Нұрлан Еспанов, Серікбол Сайлаубек, Серік Ибрагимов. Осы азаматтар аптасына үш той болатын болса, соның екеуінен осыларды кездестірем. Ол жұлдыздардың әндері нағыз тойға арналған, той бағытында және аса қатты қымбат сұрамайды. Бір жұлдыздарымыз сияқты бір танылып алып, бағасын қатты көтеріп жіберетін. Сол себепті шығар тойға жиі шығатыны.

2) Медеу Арынбаев пен Қыдырәлі Болманов шығар… Себебі не екенін білмеймін, шынымды айтсам.

3) Опера әншілері, дәстүрлі әншілер.  Олар халыққа көп танымал емес, десек те ел олардың өнерін, талантын бағалайды.

4) Тойға мүлдем шықпайтын өнер азаматтары жоқ шығар қазақта. Өйткені, барлық табыс көзі тойда ғой, оны мойындау керек. Тойға мүлде шықпайтын өнер адамын танымайды екенмін мен.

1391410069

 

Әсет Ақдәулет:

1) МузАРТ, Мақпал Жүнісова, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, «Жігіттер» квартеті, Ғаділбек Жанай. Қазақылығымен, даусымен, үнімен ерекшеленеді.

2) Нақты мына кісі өте сирек шығады деп айта алмаймын. Мүмкін менің тойымда сирек көрсем де, басқалардың тойында жиі кездесетін шығар. Қазіргі эстрада жұлдыздарында қатып қалған баға жоқ. Сол жағына разы боласың.

3) Халық негізі танымалдыққа қарап шақырады тойға. Танымал емес, бірақ тойдың көркін қыздырып, халықты тәнті ететін әншілер өте көп.  Өздеріне ғана тән ерекшеліктері болғандықтан халық оларды ерекше бағалайды.

4) Тойға мүлде шықпайтын эстрада жұлдызын атап көрсете алмаймын. Тойда бағамды түсіріп алмайын дейтіндер де бар шығар. Олай ойлау қате сияқты. Қазір тойға 600-1000 адам қонаққа келеді. Ол дегеніңіз нағыз өнерді паш ететін сахна!

screenshot_10-2

Ерлан Еспенбетов:

1) Төреғали. Қайрат Нұртас, Қайрат Түнтеков, Абай Бегей, Асхат Тарғын, Бүркіт-Аиша, Мәдина Сәдуақасова, Серікбол Сайлаубек, Нұрлан Еспанов, Нұрлан Албан, Роза Әлкожа, Еркін Нұржан, Кәмшат Жолдыбаева, Арман Дүйсенов. Себебі олардың әні халыққа керек бағытта, яғни, тойда билегенге ыңғайлы келеді.

2) Өнер базар сияқты, бірі шықса, бірі кіріп жатады. Көбінесе үлкен жасқа келген танымал тұлғаларды аз кездестіріп жатамыз! Себебі, заман басқа, талғам басқа. Қазір көбінде шоу жасап,тойда билете алмаса,канша әлемді мойындатса да, тойға келгенде тосылып жатады.

3) Танымал емес, бірақ өте талантты, дарынды өнерпаздар өте көп. Танымал болмаса да барған жерін таң қалдырып жатады.

4) Кейбір әншілерді тойға мүлде шықпайды деп естігенмен, кейін тойдың әнін жаздырып алып, тойда жұргендерді көз көріп, құлақ естіп жатады. Жалпы, өнер адамдарының негізгі табысы – той!

mqdefault

Арслан Джумаев:

1) Жұлдыздарды жиі кездестіремін.  Себебі, халық танымал әртістерді шақырып, тойды есте қаларлықтай өткізгісі келеді.

2) Тойға аз шығатындарын білмеймін. Мүмкін олар жоғары деңгейге шықтым деп, шығармашылықтан қолы тимей, тойды көп қажетсінбейтіндер, немесе, тойға форматы сәйкес келмейтіндер.

3) Мен танымал, танымал емес деп бөле қарамаймын. Тойға шақырды ма, ол танымал онда! Оларды тойға көп шақыратын себебі, меніңше, қолжетімді бағасы.

4) Жоқ, атай алмаймын. Ақша туралы сөз қозғалған жерде тойға шықпайтындар жоқ деп ойлаймын.

Сөз алған той жүргізушілерінің жауаптарынан түйгеніміз – тойға шықпайтын танымал жұлдыз жоқтың қасы. Ал сарапшылардың пікірінше біздің әртістер негізгі табысын үйлену тойлары, туған күн, мерей тойлар және басқа да мерекелерден табады. Өйткені, той – халықтың қазынасы, өнерпаздың несібесі! Жас таланттардың өнерге басқан алғашқы баспалдағы!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз